Сауда департаменті
Сауда департаменті – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі.
Департаменттің негізгі міндеттері:
- Сауда және шағын бизнесті дамыту салаларында негізгі мәселелерді шешу және тариф белгілеу мәселелері бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен қауымдастықтардың (одақтардың) шоғырландырылған пікірін (ұстанымдарын) тұжырымдау;
- ҰКП-ның сауда және шағын бизнес субъектілерінің құқығы мен заңды мүддесіне өкілдік ету, қорғау, табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы қызметіне қатысу;
- кәсіпкерлік субъектілері мен қауымдастықтардың (одақтар) мемлекеттік органдармен сауда және шағын бизнесті дамыту және тариф белгілеу мәселелері бойынша тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысу;
- Қазақстан Республикасында сауда мен шағын бизнесті дамыту және тариф белгілеу мәселелері бойынша кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдай жасауға жәрдемдесу;
- «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті мен Сауда комитетінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық және құжаттамалық қызметін қамтамасыз ету.
Стратегиялық бағыттар:
- Сауда саласын дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба;
- Тариф белгілеу.