Комплаенс-бақылау департаменті
Комплаенс-бақылау департаменті «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі, Басқарманың құзырлы мүшесіне немесе тиісті құрылымға сәйкес өзге де лауазымды тұлғаға бағынады
Комплаенс-бақылау департаменті міндеттері:
- Заңнама талаптары, процестерді этикалық тұрғыда жүргізудің реттеушілік талаптары мен принциптерін ұстанбау, сондай-ақ іскерлік этиканың жалпыға танылған нормаларын орындамағаны үшін шараларды ҰКП-ға қолданумен байланысты жағымсыз салдарлардың қаупін азайту;
- Іскерлік этика және ҰКП-ның корпоратвитік құндылықтары стандарттарының орындалуын қадағалау;
- ҰКП-да комплаенс-мәдениетті құру және енгізу;
- Процестерді этикалық тұрғыда жүргізудің реттеушілік талаптары мен принциптер заңнамасын сақтамалмауы мүмкін жағдайларды талдау және алдын-алу
Комплаенс-бақылау департаментінің негізгі қызметтері:
- Комплаенс-тәуекелдерді, ішкі бақылау және ақпараттық қауіпсіздікті басқару бойынша әдістемелерді және ішкі құжаттарды әзірлеу;
- Комплаенс-тәуекелдерді және ақпараттық қауіпсіздік қауіпсіздікті сәйкестендіру, бағалау және басқару;
- ҰКП қабылдаған комплаенс-тәуекелдердің жағдайы және оларды төқмендету бойынша іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп дайындау;
- Комплаенс-тәуекелдер және ҚКП құрылымдық бөлімшелердің ақпараттық қауіпсіздігі тәуекелдері мәселелері жөнінде консультациялар және оқытуды жүргізу;
- Комплаенс, ішкі бақылау және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөнінде тексеру жүргізу, түзету шараларын қабылдау және ары қарай ҰКП басшылығына есеп беру;
- ҚҰрылымдық бөлімшелердің Қазақстан Республикасының заңнамасы, ҰКП Жарғысы және ҰКП ішкі нормативтік құжаттары талаптарын орындауын қадағалау;
- «Корпоративті жедел желі» үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз ету;
- ӨКП этикасы бойынша өкілеттілердің жұмысын ұйымдастыру;
- Ақпараттық қауіпсіздіктің тәукелдері мен қатерлерін төмендету тұрғысында ҰКП процестерін енгізу және жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
- Ішкі құжаттармен қарастырылған басқа да қызметтер.