Салалық әдіснама және жиынтық талдау департаменті
Салалық әдіснама және жиынтық талдау департаменті (ары қарау – Департамент) – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімі және Басқарма төрағасына бағынады.
Департамент жұмысының негізгі бағыттары:
- ҚР экономикасының ахуалы туралы макроэономикалық есеп дайындау (тоқсан сайын);
- Салалық және өңірлік тұрғыда кәсіпкерлік тенденциясы туралы сараптамалық есеп дайындау;
- ҰКП басшылығына арнап жиынтық материалдар дайындау (баяндама, таныстырылым, анықтама);
- Экономикалық процестер мен кәсіпкерлік сектордың ахуалы туралы шұғыл мониторинг және статистикалық сараптама жасау;
- ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Премьер-Министр кеңсесі, орталық атқарушы органдардың кәсіпкерлікке қатысты мәселелер бойынша хаттамалық тапсырмасының орындалуына мониторинг жүргізу;
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жанындағы Экономика жөніндегі сарапшылық кеңестің жұмысын үйлестіру;
- Бюджеттік және макроэкономикалық салаларда кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесін қозғайтын нормативті-құқықтық актілердің дайындалуына және сараптамасына қатысу;
- Мемлекеттік органдардың зерттеу және консалтингтік қызметпен байланысты мемлекеттік тапсырмаларын келісу;
- Мемлекет Басшысы Жолдауын жүзеге асыруда Жалпыұлттық жоспар тармағының орындалуына мониторинг жүргізу;
- ҰКП құрылымдық бөлімдерінің сараптамалық баяндамаларын, таныстырылымдық материалдарын дайындауға көмек көрсету.