Қаржы және бухгалтерлік есеп департаменті
Қаржы және бухгалтерлік есеп департаменті «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімшесі, Басқарманың құзырлы мүшесіне немесе тиісті құрылымға сәйкес өзге де лауазымды тұлғаға бағынады
Департаменттің негізгі міндеттері мен қызметтері:
Департаменттің негізгі міндетіне «Атамекен» ҚР ҰКП қаржысын басқару жатады.
Департаменттің қызметтері:
1) ұйымның қаржы ресурстарының жұмсалуын басқару және ұйымның барлық ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында шаруашылық субъектілері арасында туындайтын қаржылық жағдайларды реттеу;
2) ұйымның қаржылық стратегиясын және оның тұрақты қаржылық жобаларын, жылдық жобалар мен индикативті орта мерзімді бюджетін, келешегі зор және ағымдағы қаржылық жоспарын, болжамды баланс пен бюджеттік қаржы жобаларын әзірлеу;
3) ұйымның қосалқы құрылымдарына бекітілген қаржылық көрсеткіштерді таныстыру;
4) ұйымның шаруашылық қызметін қаржыландыру, соның ішінде, несие беру, бағалы қағаздарды сатып алу, заем қаражатын тарту және жеке қаражатты пайдалану;
5) кірістердің уақтылы түсіп тұруын қамтамасыз ету, банк және қаржылық-есептік операцияларды бекітілген мерзімде рәсімдеу, жеткізушілер мен мердігерлер ақысын уақтылы төлеу, қарызды уақтылы жабу, пайыздарды төлеу, қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбекақысын төлеу, салықтарды және өзге де міндетті төлемдерді бюджетке, зейнетақы салымдарын зейнетақы қорларына, төлемдерді банктерге аудару;
6) ұйымның қаржылық-шаруашылық қызметіне сараптама жасау, ұйымның төлем қабілеті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, қаржылық тәртіпті күшейту;
7) қаржылық жоспардың орындалуын, қаржының орынды жұмсалуы мен жеке қаржы және заем айналымнан түскен қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
8) қаражаттың жұмсалу процестерінің есебін жүргізу және қаржылық есеп пен есептілік стандарттарына сәйкес, қаржылық қызмет нәтижелерінің есебін әзірлеу, қаржылық ақпараттың дәйекті болуын қамтамасыз ету;
9) есеп беру құжаттарын дұрыс әзірленуі және рәсімделуін бақылау, олардың ішкі және сыртқы пайдаланушыларға уақтылы жеткізілуін қадағалау.