Туризм департаменті
Департаменттің негізгі міндеттері:
- туризм саласында негізгі мәселелерді шешу бойынша кәсіпкерлік субъектілері және қауымдастықтардың (одақтар) шоғырланған позициясын пысықтау;
- туризм саласындағы мәселелер бойынша кәсіпкерлік субъектілері мен қауымдастықтарының (одақтары) мемлекеттік органдармен тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға қатысу;
-Қазақстан Республикасындағы туризм саласында кәсіпкерлік бастамаларды іске асыру үшін қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдай жасауға атсалысу;
- туризм саласындағы кәсіпкерліктің мүддесіне қатысты ҚР заңнамасын жетілдіру процесіне қатысу;
- Қазақстан Республикасы заңнамасы және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ішкі құжаттарымен қарастырылған басқа да міндеттер.
Департамент қызметінің негізгі бағыттары:
-туристік сала комитетінің жұмысын ұйымдастыру;
-қауымдастықтар және одақтарға біріктіру арқылы туристік саланың өңірлік субъектілерін шоғырландыру;
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне туристік сала мүдделерін қозғайтын ұсыныстар енгізу;
-орталық атқарушы органдар және жергілікті атқарушы органдар жанындағы туризм жөніндегі жұмыс органдарына қатысу;
-туризмге арналған инфрақұрылымды дамытудың түйткілді мәселелерін шешу;
-туристік қызметтер сапасын жоғарылату, туристік салаға мамандарды дайындау мәселелерін шешу;
- ішкі туристік өнімді дамыту бойынша үшжақты жол картасы (ҰКП, ҚР МСМ, «KazakhTourism») шеңберінде «KazakhTourism» ҰК АҚ-пен өзара іс-қимыл жасау;
- көшпелі және ішкі туризм субъектілері үшін қолдау шараларын енгізу;
-жобаларды іске асыру («Жанды сабақтар», қолөнер және т.б.);
-кірмелік туризм мәселелерін шешу (визалық мәселелер, ЕАЭО қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы және т.б.)
-көшпелі туризм мәселелерін шешу.