«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

2023 ЖЫЛҒА МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНА

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 2023 жылға арналған міндетті мүшелік жарналар туралы

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағына сәйкес «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Съезде келесі шешімдерді (2016 жылғы 16 маусымдағы №3 хаттама) қабылдағаны туралы хабарлайды:

          1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінің топтары ішінде сатылау белгіленсін және міндетті мүшелік жарналардың келесі мөлшерлері бекітілсін:

2023 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНАЛАРДЫҢ МӨЛШЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 

Топ

Сатылау

Жылдық жиынтық табыс, АЕК (2022 жылғы айлық есептiк көрсеткiште)*

2022 жылғы жылдық жиынтық табыс, (теңгеде)

Жарна мөлшері (2023 жылғы айлық есептiк көрсеткiште)**

бастап

дейін

бастап

дейін

АЕК

теңге

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының            29-бабы 2-тармағының                   2) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері

1

300 000

420 000

918 900 000

1 286 460 000

105

362 250

2

420 000

690 000

1 286 460 000

2 113 470 000

130

448 500

3

690 000

1 500 000

2 113 470 000

4 594 500 000

155

534 750

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының             29-бабының 2-тармағы                    3) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері

4

1 500 000

2 310 000

4 594 500 000

7 075 530 000

505

1 742 250

5

2 310 000

3 120 000

7 075 530 000

9 556 560 000

1 010

3 484 500

6

3 120 000

3 930 000

9 556 560 000

12 037 590 000

1 515

5 226 750

7

3 930 000

4 740 000

12 037 590 000

14 518 620 000

2 020

6 969 000

8

4 740 000

5 550 000

14 518 620 000

16 999 650 000

2 525

8 711 250

9

5 550 000

 

16 999 650 000

0

3 030

10 453 500

* 2022 жылғы айлық есептiк көрсеткiш – 3 063 теңге

** 2023 жылғы айлық есептiк көрсеткiш – 3 450 теңге

2. Міндетті мүшелік жарна төлеуден «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілер тобы:

1) 50% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысы;

2) 25% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысы босатылсын.

3. Осы шешімнің 2-тармағын жүзеге асыру мақсатында:

1) «тиесілігі» деген ұғым жекеменшік құқығындағы тиесілілікті білдіреді;

2) «жанама түрде тиесілігі» деген ұғым әрбір келесі заңды тұлғаның өзге заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) жекеменшік құқығымен иеленуін білдіреді;

3) нақты бір заңды тұлғаға қатысты осы шешімнің 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген критерийлер сәйкес келген кезде аталған заңды тұлға 25% мөлшеріндегі міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босатылады;

4) міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босату нақты заңды тұлғаға қатысты бір рет қолданылады.

4. Есепті кезеңде қызметкерлердің жалпы санынан мүгедектер саны елу бір пайыздан кем емес санды құрайтын ұйымдар міндетті мүшелік жарналарды төлеуден 100% мөлшерінде босатылсын.

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер