«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бүгінгі күннің басты тақырыбы: бізге атомның қуаты қажет

2024 жылғы 18 Қыркүйек
- Алматы қаласы
3878 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев пен «Атамекен» ҰКП Төралқасының төрағасы Райымбек Баталов халықтық штаб жұмысының барысында Алматы қаласының бизнес-қауымдастығымен кездесу өткізді. Диалог барлық қазақстандықтар үшін басты тақырыпта өрбіді – атом электр станциясын салу жөніндегі алдағы референдумде бір ел болып ортақ шешім қабылдау.

Қазақстан экономикасын әртараптандыру шикізат ресурстарының экспортына тәуелділікті төмендетуге және инновациялық әлеуетті дамытуға бағытталған елдің негізгі стратегиялық міндеттерінің бірі. Бұл тұрғыда атом энергетикасын дамыту мақсатқа жетуде маңызды рөл атқаруы мүмкін. Атом электр станциясы - дәстүрлі отынға тәуелділікті төмендететін баламалы энергия көзі. Бұл әсіресе «жасыл» энергетикаға жаһандық көшу және көмірқышқыл газдар шығарындыларын азайту жағдайында өзекті. Сонымен қатар, атом энергетикасын дамыту елдің ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға ықпал ететіні белгілі.

«Біз болашағымызды ойлап айналаға шығарылатын зиянды іздерді азайтуымыз керек. Атом энергетикасын, атом өнеркәсібін дамыту бүкіл экономиканы дамытудың мультипликативтік әсерін береді, оның ғылымды қажетсінуі мен технологиялылығын арттырады», - деді Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ болжау департаменті сарапшыларының есептеулері бойынша 2050 жылға қарай Қазақстан халқының саны шамамен 27 млн.адамды құрайды. Қазақстан әлемнің көптеген елдерінің қатарында қазірдің өзінде энергияның үлкен тапшылығын сезіп отыр. Биылдың өзінде тек Ресейден Қазақстан 280 миллион киловатт/сағат энергия сатып алды. Отандық электр станцияларының 70 пайыздан астамы ескірген деп танылды. Оларды кезең - кезеңімен жаңғырту және жаңартылатын көздерді пайдалану өндірілетін энергия көлемінің ұлғаюына ықпал етеді, алайда бұл да жеткіліксіз, - дейді сарапшылар.

«Технология дамуы күн сайын қарыштап келеді. Біз үшін атом энергиясы - болашақтың қуаты. Біз дамығымыз келеді. Мен бұл жерде өзімізді шектеудің қпжетін көріп тұрған жоқпын. Атом өнеркәсібінің негіздері бар, 9 мыңға жуық түлек атом саласын дамыту мамандары атанданды, «Қазатомөнеркәсіп» жұмыс істейді. Яғни, атом станциясына қызмет кқрсетуге де мүмкіндігіміз мол. Құрылыс бізге жаңа технологиялық және білім беру серпілісін беретіні де анық. Біз, «Атамекен» палатасы ретінде, бұл тақырыпты екі жылдан бері зерделеп келеміз, айналадағы жағдайды зерттедік. Біз бірінші кезекте Қазақстанда пайдаланылатын технологиялар мен тауарлар, жұмыстар мен қызметтер тартуымыз тиіс екендігін жақсы түсінеміз. Оған жаратылатын қуат көздерінің дамуы, тапшылықты жою ШОБ дамуына, экономика дамуына  ең үлкен әсері бар екені сөзсіз», - деді Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Райымбек Баталов.

Айта кету керек, бизнестің негізгі үлесі Алматыда шоғырланған. Республиканың барлық көрсеткішінің 25 пайызы. Өз сөзінде Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП директоры Нұрсұлтан Шоқанов айтқандай, тек биылғы жылдың өзінде Алматы мен Алматы облысында тапшылық 5 жарым млрд.кВт-қа дейін жетеді және қажеттілік сағ. 500 млн. кВт-қа жыл сайын өседі. Оның ішінде Алматы қаласы - белсенді тұрғын үй құрылысы аймағы екенін ұмытпаған жөн. Жыл сайын мегаполисте 2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Алматы агломерациясында Алатау қаласы қаланып, оның өсуі, дамуы үшін де электр энергиясының орасан зор көлемі қажет болатыны айдан анық. Бұл өнеркәсіптік, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымы бар 880 шаршы шақырымды құрайтын еркін экономикалық аймақ, оған 5,4 млрд кВт электр қуаты қажет болады.

«Бұдан әрі баяулау мүмкін емес! Мұндай тапшылық бірде-бір жеке станциямен жабылмайды. Сондықтан атом электр станциясынан басқа бізге атом генераторлық қуаттар, жаңартылатын қуат көздері, көмір мен газдағы заманауи экологиялық қуаттар желісін қамтитын дамыған, таратылған энергияны генерациялау жүйесі қажет. Халықаралық тәжірибені зерттей отырып, бүкіл әлем бойынша атом энергетикасының дамуы мен экономиканың дамуы арасындағы нақты корреляцияны анықтадық. Мысалкелтіріп айтсам, АҚШ - экономика көлемі бойынша 1 орынды қамтамасыз ете отырып, әлемде ең көп атом электр станциясына ие, Қытай – экономика деңгейі мен атом электр станцияларының саны бойынша екінші орында.Олардың артынан Франция, Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан, Канада және Ресей келеді. Атом электр станциялары бар 31 елдің барлығы дамыған 50 елдің алдыңғы қатарында. Корреляция айқын: күшті атом энергетикасы - сенімді энергия, бұл «жасыл» және тұрақты энергия және бұл күшті экономика!»,- деп түйіндеді ойын «Атамекен» ӨКП директоры Нұрсұлтан Шоқанов.

Әлеуметтік желілерде АЭС салу мәселелерін талқылайтын аудиторияның күмәніне жауап бере отырып, атом ғалымдары да өздерінің сараптамалық пікірлерін білдірді. Мысалы, болжамды тәуекелдер туралы. Атом электр станциясын салу білгілі нысан салумен теңестіргенге келмейді. Мұнда халықаралық бақылау қолданылады. Сонымен қатар, қазақстандық жоба 3 + классификациясының ішінен таңдалады. Бұл объектінің өзі де, оның қалдықтары үшін де қауіпсіздіктің максималды деңгейін белгілейді. Қазіргі заманда қалдықарды да қайта өңдеу технологиялары жетерлік. Бұл атом энергетикасын экологиялық таза етеді. Соңғы тұтынушы үшін әрбір киловатт/сағаттың перспективалық құны да небәрі 6 центті құрайды.

Осылайша, инновациялардың ұтымды факторларын талқылай отырып, кездесуге қатысушылар, қазақстандықтар ел Президенті енгізіп жатқан жаңа реформаларды қолдауы тиіс деген ортақ пікірге келді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер