«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда жазғы алаңдардың бірыңғай дизайн-коды әзірленуде

2024 жылғы 06 Қыркүйек
- Алматы қаласы
4127 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

«Алматыбасжоспар» ҒЗИ-да кафелер, мейрамханалар мен жазғы алаңдардың дизайн-код бағыттары бойынша брендбуктар талқыланды. Қатысушылар, негізінен, бұл қоғамдық тамақтандыру және қонақ үй бизнесі саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер, ортақ Урбан стиль болуы керек деген пікірге толығымен келіседі. Алайда, жұмыс барысында көптеген қиындықтар туындайтынын атап өтті. Олар сәулетшілер ұйымдастырған семинар барысында талқыланды.

Түнгі клубты өткен ғасырда салынған және қала үшін тарихи және сәулеттік құндылығы бар ғимаратқа орналастыру мүмкін емес. Қонақ үй және мейрамхана бизнесінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін сәулетшілер ұйымдастырған семинар барысында осындай тұжырымдамалық мәселелер талқыланды. Бұл мәселе әсіресе жазғы алаңдарға қатысты болды. 

«Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институтының бас сәулетшісі Тахмина Сафоева дизайн-кодқа мүлдем қайшы келетін және дизайнерлердің қатысуымен пысықтауға және ортақ шешім табуға болатын нақты мысалдар келтірді.

Семинар барысында талқылаулар кәсіпкерлер жазғы алаңдарды ресімдеуге бірыңғай тәсілдің маңыздылығын түсінетіндігін көрсетті. Жазғы алаңдар жылы мезгілде, қалаға туристердің ағыны көбейген кезде, мәзірінің сантүрлілігімен ғана емес, сонымен қатар қысқа демалыс ұйымдастырып  уақытын  жайлылықпен өткізу мүмкіндігі - көз тартатын қызметтердің  бір түрі. Алайда, мемлекеттік органдар тарапынан қойылатын талаптар мен жазғы алаңның тұжырымдамалық шешімінде сәйкессіздіктер болып жатады.

«Жазғы алаң ашық кеңістікте құрылды делік. Кез-келген ғимараттың тұтастығы мен архитектуралық стилін бұзбайды. Бірақ келушілерді қызықтыратын қандай да бір тұжырымдамалық шешімін дизайн код талабы  өзгерістер енгізуді қажет етеді. Осындай жағдайларға жеке көңіл бөлінсе», - дейді кәсіпкер Бақтияр Махсутов.

Семинар барысында кәсіпкерлер рұқсат қағаздары бір-ақ маусымға берілетіні,  тексерулер  жиі өткізілетінін жұмысқа айтарлықтай кедергі келтіреді, дейді.  Сонымен қатар, қолданыстағы ережелер террассаның иесінен жер телімі болуын талап етеді. Алайда, бос учаскелер жеткіліксіз. Осыған  байланысты кәсіпкерлер жазғы алаңдарды орналастыруға рұқсат алу жүйесін жеңілдету қажеттілігі туралы үнемі айтады.

Кәсіпкерлер сонымен қатар туындаған мәселелерді талқылап, бірлескен шешімдер табуға болатын тұрақты консультациялар мен форумдар өткізуді көздеп, қала билігімен өзара іс-қимылды жақсарту бойынша идеялар ұсынды. Олар ашық қарым-қатынас бюрократиялық кедергілерді жоюға және лицензия алу процесін жеңілдетуге көмектесетініне сенімді.

«Рұқсат алуды жеңілдеткім келеді. Кейде оларды алғаннан кейін бірден тексерулермен келеді. Лицензия тек бір маусымға беріледі, бірақ жылдар бойы ештеңе өзгермейді. Неліктен оны бірден бірнеше жылға ұзартпасқа?»,- деп сұрады мейрамхана иесі Жанар Исмаилова.

Жазғы алаңдардың дамуына әсер етуі мүмкін тұрғындардың пікірлерін ескеру маңызды. Ыңғайлы және жағымды ортаны құру барлық тараптардың мүдделерін ескеруді талап етеді. Сындарлы талқылаулардың нәтижесінде кәсіпкерлер жазғы алаңдарды ресімдеуге неғұрлым бейімделгіш тәсілді енгізуге үміттенеді, бұл өз кезегінде Алматының келбетіне жағымды әсер етеді. «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы рестораторлар клубының қауымдастығымен бірлесіп осындай семинарларға бұрын да қатысқан болатын. Және олардың дизайнын бірыңғай дизайн кодына келтіру кезінде құқықтарының сақталуын мұқият қадағалайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер