«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тұтынушылардың құқықтары мәселелері талқыланды

2023 жылғы 25 Шілде
- Жетісу облысы
5423 просмотров

Жазғы демалыс және демалыс маусымы қарсаңында Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне көңіл көтеру орындарындағы, демалыс базаларындағы депозит мәселесі, демалыс аймақтары мәлімдейтін талаптарға, түрлі тыйым салу бойынша сұрақтармен жүгінуде.

Осы орайда, мемлекеттік мекемелер, демалыс аймақтары өкілдерінің қатысуымен «Көңіл көтеру орындарындағы, демалыс базаларындағы депозит мәселесі және тұтынушылар құқығы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.

Кездесуде демалыс аймақтарында, көңіл көтеру орындарындағы депозит мәселесі, тұтынушылар құқықтары бойынша демалыс аймақтарының өкілдеріне қажетті ақпарат беріліп, түсіндіріме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар өзгерістермен толықтырулар енгізілетін «ҚР Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы түсіндірілді.

Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департамент басшысы Еділ Зайытбековтың айтуынша, Жетісу облысында тұтынуышлардың құқықтарын қорғау саласында өтініштері артып келеді.

«Мысалға 2023 жылдың  бірінші жартыжылдығы бойынша 295 өтініш түсіп, оның 109 өтініші оңды шешіліп, тұтынушыларға жалпы соммасы  6 101 000 теңге тұтынушыларға кайтарылған», - деді Еділ Зайытбеков.

Сонымен қатар, тұтынушылардың шағымдары бойынша көшбасшылықтың алдыңғы қатарында бөлшек сауда саласы алады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер