«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер QR-кодтарды жеңілдетілген схема бойынша ала алады

2021 жылғы 29 Шілде
5923 просмотров

29 шілдеде ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енді, онда Ashyq қатысушысының QR-кодын алудың жаңа алгоритмі көрсетілген. Ұлттық палата кәсіпкердің жобаға кіруі үшін қандай әрекет жасау керегін айтады.

 ЖОБАҒА ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ?

1-қадам. ЭЦҚ кілтін қолданып, InfoKazakhstan.kz сайтына кіріңіз

2-қадам.  «Менің өтінімдерім» терезесі ашылады, онда «Ashyq QR-кодын алуға өтінім» түймесін басыңыз

3-қадам. Жұмыс істеуге рұқсат беретін құжаттарды, енгізілген деректер үшін жауапкершілікті растаңыз. Пайдаланушы келісімімен танысып, қол қойыңыз, өтінімді жіберіңіз

4-қадам. Ақпараттық материалдарды жүктеп, танысыңыз.

5-қадам. QR-кодыңызды жүктеп алыңыз.

Ashyq жобасының QR-кодын алған соң кәсіпкер 1 апта бойы сынақ режимінде жұмыс істейді. 7 күннен соң жоба қатысушылары туралы ақпарат мемлекеттік орган сайтына жариялау үшін әкімдіктерге жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, «Атамекен» ҚР ҰКП Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен бірлесіп, Ashyq жобасына қатысу үшін QR-кодты алуға өтінім беру процесін жеңілдетті.

Бірінші кезекте, ұлттық палата өңірлік палаталар қызметкерлерінің өтінімді тексеруін алып тастады, бұл бизнеске 2 күнге дейін уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді. Жақында «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы ҰКП өңірлерде Кәсіпкерлерге QR-кодтарды ресімдеуге көмектесетін көмек пункттерін ашатынын мәлімдеді.

 Алгоритмнен санитарлық нормаларға сәйкестік құжаттарын алып тастау кәсіпкерлерге тағы 7 күн үнемдеуге мүмкіндік береді. Алайда осы құжаттар (санитариялық нормаларға сәйкестік актісі және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасынан хабарлама немесе жұмысқа рұқсат) болуы керек, оларды рейд кезінде мониторинг топтар тексереді (Құжаттарды алу жолы мына сілтемеде)

Алгоритмдегі жаңашылдық – пайдаланушы келісімі, оған кәсіпкер InfoKazakhstan.kz сайтында қол қойып, өтінімдегі деректер дұрыс толтырғанын растайды.

 Осыған дейін Ashyq жобасына қосылуға кәсіпкерлер шамамен 9 күн жұмсаған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер