Бастау Бизнес
ҚР Үкіметінің 2016 жыл 29 желтоқсандағы №919 Қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаға сәйкес «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екінші бағыттың қаржылай емес қолдаудың операторы.
Бағдарламаның «Жаппай кәсіпкерлік» атты екінші бағыты ауыл-аймақта кәсіпкерлікпен айналысуды ынталандырудың нақты құралы және халықтың жұмыспен қамтылуы мәселесіндегі құрауыш ретінде жүзеге асырылады.
«Бастау» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша жобаның мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықты кәсіпкерлікпен айналысуға тарту арқылы ауыл тұрғындарының экономикалық белсенділігін арттыру.
Кәсіпкерлік негіздерін оқуға қатысушылар – ауылдық елдімекендерде, аудан орталықтарында тұратын, жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген/тіркелмеген жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, сондай-ақ бизнесін кеңейткісі келетін іс жүргізіп отырған кәсіпкерлер (бизнесінің тіркелгеніне 3 жылдан аспауы керек).
«Бастау» жобасының жүзеге асу кезеңдері:
- жобаға қатысу үшін әлеуетті қатысушылар ӨКП филиалдары/жұмыспен қамту орталықтары, ауылдық округ/немесе елдімекен бөлімінің әкіміне барып, қатысуға өтінім жасайды;
- жұмыспен қамту орталығымен жобаның мақсатты тобына (жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) сәйкес келуді мақұлдайды;
- іріктеуден өту (кәсіпкерлік әлеуетті анықтау мақсатында әлеуетті қатысушыларды тестілеуден өткізу);
- топтарда практикалық оқу және бизнес-жоспарларды жазу бойынша жекелеген консультациялар;
- бизнес-жобаларды қорғау;
- бизнес ашу (осы және басқа да Бағдарламалар, кепілдендіру, сонымен қатар жеке қаржыландыру бойынша шағын несиелендіру арқылы).
Оқу аяқталған соң қатысушылар қатысудағы белсенділік және бизнес-жобаны қорғауға байланысты екі түрлі сертификаттың (қатысу туралы сертификат, оқуды аяқтау туралы сертификат) бірін алады. Аталған сертификаттар жылдық 6 пайызбен жеңілдікпен несие алу құқығын береді.
- Жоба аясында қатысушыларды оқыту қайтарымсыз негізде жүзеге асырылады.
- Оқуға қатысушыларға 16 759 теңге көлемінде бір реттік шәкіртақы төленеді.
- Қатысушылар сондай-ақ жобаларына 1 жыл бойы сүйемелдеуді пайдалана алады.
Толық ақпарат мына тел. арқылы 8 (7282) 401 477 немесе zh.mukhamejanova@atameken.kz электронды мекенжайы бойынша.