«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Талдықорғанда бау-бақша және ландшафт орталығы ашылды

2021 жылғы 27 Мамыр
- Жетісу облысы
5899 просмотров

Талдықорған қаласында «Садовый рай» орталығы ашылды. Кәсіпкер ханымдар – Олеся Ильченко мен Яна Беленко қалада алғаш рет бау-бақша және ландшафт орталығын ашты.

Қос кәсіпкердің бұдан бөлек сәтті жобасы – «Сельпо» экоөнімдері дүкені бар. Ал жаңа бау-бақша және ландшафт орталығы осы жобаның үйлесімді жалғасы. Екі жобаны іске асыруда Алматы облысы Кәсіперлер палатасы сүйемелдеу көрсетті.

 Олеся Ильченконың айтуынша, орталық осы жылдың наурыз айында іске қосылды. Жоба жеке қаражат есебінен іске асырылған. Бау-бақша және ландшафт орталығында тауардың 100-ден астам аталымы – көшеттер, ұрық, ағаш көшеттері, гүлдер, бау-бақшаға арналған құралдар мен жабдықтар, өсімдіктерді қорғау құралдары бар. Осында бау-бақша күтіміне арналған қажеттінің бәрі бар дейді кәсіпкер.

 «Біз клиентке кепілдеме жасалып, оның көңілінен шығу үшін жоғары сапалы өнімді ұсынуға бағдарландық. Сондықтан, біз жеке адамдармен емес, тек тәлімбақтармен тікелей жасаймыз. Мысалы, көшеттердің өнімділігі жақсы жағдайда болуы керек, бейімделуден өтуі керек. Орталықта біз әр клиентке кеңес беріп, әр өсімдік бойынша ілеспе құжаттармен қамтамасыз етеміз. Осының арқасында әр көшет барынша біздің климатқа бейімделген. Бұл біз үшін маңызды», – деді Олеся Ильченко.

Жақын арада орталық иелері жақын жерде өсімдік өсіру, сондай-ақ ересектер мен балаларға экскурсиялар мен «жанды сабақтарды» ұйымдастыруға болатын шағын тәлімбақ салуды жоспарлап отыр.

 «Жанды табиғатты көрмей өсіп жатқан «асфальт» балалары көп. Олар табиғатты телевизор мен интернет арқылы ғана көреді. балалар бәрін өз көзімен көріп, ұстап көруі үшін тәлімбақ салу идеясын қорытып жатырмыз», – дейді Яна Беленко.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Дана Жамболатова атап өткендей, кәсіпкерлерге серіктес іздеуде, бау-бақша және ландшаф орталығын дамытуға ақпараттық және консультациялық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру көздерін анықтау мәселесі пысықталып жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер