«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысында 5 мыңға жуық кәсіпкер сервистік қызмет алды

2021 жылғы 20 Сәуір
- Жетісу облысы
4404 просмотров

2021 жылдың басынан бастап Алматы облысында 5 мыңға жуық кәсіпкер бизнесті ашу және жүргізу бойынша сервистік қызметтер мен кеңестер алды. Кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде Кәсіпкерлеріне қызмет көрсету орталықтары арқылы ақысыз негізде қаржылық емес қолдау көрсетілді.

Осы жылдың І тоқсанында өңірдің 635 кәсіпкеріне 637 сервистік қызмет көрсетілген, сондай-ақ 4249 кәсіпкер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғынға 4320 консультациялық қызмет берілген.

«Негізінен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер ЖК, ЖШС тіркеу немесе қайта тіркеу, бизнес-жоспарды әзірлеу, бухгалтерлік-салықтық есептерді тапсыру сияқты қызметтерге жүгінеді. Аталған кезеңде Кәсіпкерлер палатасының менеджерлері жалпы сомасы 5,9 млрд теңгеге 188 бизнес-жоспар әзірледі. Оның ішінде 1,5 млрд теңгенің 32 жобасы жүзеге асырылды», - деп атап өтті Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Әсет Шаяхметов.

Кәсіпкерлер үшін барлық қажетті қызметтер өтеусіз болып табылады, оларды облысымыздың барлық қалалары мен аудандарында орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен бөлімшелерінде көрсетіледі. Сондай-ақ, барлық қызметтер www.g4b.kz ҚР ҰКП платформасы арқылы онлайн режимде толық көлемде ұсынылады. Бұл, әсіресе, шектеу шаралары мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты аса маңызды болып табылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер