«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жалпы ұлттық #3жаңаадет челленджіне алматылықтарда қолдау көрсетті

2020 жылғы 23 Шілде
- Жетісу облысы
4333 просмотров

Алматы халықпен бизнес арасында санитарлық нормаларды кеңінен насихаттауға бағытталған #3жаңаадет челлендж эстафетасын қабылдады.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов қала тұрғындары мен қонақтарын жеке қорғану құралдарын пайдалануға әлеуметтік қашықтықты сақтауға және қолды антисептикалық құралдармен жиі жууға және өңдеу түрінде санитарлық талаптарды ұстануға шақырды. Оның айтуынша, індетке қарсы профилактикалық шараларды  әдетке айналдыруымыз қажет, себебі осындай қауіпсіздік шараларын сақтаған жағдайда ғана қалыпты өмірге ораламыз. 

«Бизнес қоғамның белсенді бөлігі ретінде шетте қалмауы керек. Кәсіпкерлер үш қарапайым әдеттің қолдаушысы, амбассадоры болуы қажет. Бұл әдеттер өмірдің тұрақты нормасына айналуы керек», - деді спикер.

Мегаполистегі Кәсіпкерлер палатасының басшысы челленджді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабіштаевқа және өзінің орынбасарлары Айтуар Қошмамбетов пен Әлібек Әшметовке жолдады.

Естеріңізге сала кетейік, әрбір қазақстандықтар үшін әдетке айналатын үш қарапайым тәсіл:

  1. Бірінші ереже- бетперде мен қолғап кию,
  2. Екінші ереже - 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау,
  3. Үшінші ереже-қолды жиі жуу және өңдеу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер