«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысының кәсіпкерлері аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуде

2020 жылғы 07 Сәуір
- Жетісу облысы
5178 просмотров

Өңір кәсіпкерлері аз қамтылған отбасыларды азық-түлік тауарларымен тегін қамтамасыз етуде.

Алматы облысының ӨКП өңірлік және аудандық кеңес мүшелері, Қарасай ауданының кәсіпкерлері - Жанна Жазықпаева, Әзім Абдуллаев, Жанат Молдағұлов және Асқар Оспанов халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көмек көрсетті.

"Қазіргі уақытта біз көптеген отбасыны азық-түлікпен, тұрмыстық тауарларымен қамтамасыз етуге тырысамыз. Қарасай ауданының кәсіпкерлері осындай қиын уақытта біз үшін қолдау көрсетіп, үн қатқаны қуантады. Қазіргі уақытта 92 отбасына көмек көрсетіліп, мұқтаж отбасылардың тізімін құруды жалғастырамыз", - деді Қарасай аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Орынбай Жанәділ.

Сондай-ақ, жақында Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, «BilimInvest» білім беру инвесторларының ұлттық Ассоциациясы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі Күләнда Батырбекова Талғар ауданының отбасыларына материалдық көмек көрсетті. Отбасыларына азық-түлік себеті таратылды. Бұдан басқа, қазіргі уақытта мұқтаж азаматтар үшін бірінші кезекте қажетті дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар сатып алынады. Оның айтуынша, басқа аудандық Ассосация бөлімшелері көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуде.

Сонымен бірге, Алакөл ауданының кәсіпкері, өңірлік кеңес мүшесі Досан Каримов ауданның аз қамтылған отбасыларын ұнмен қамтамасыз етті. Мұқтаждар үшін ол 3 млн теңге көлемінде ұн сатып алған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер