«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Кербұлақ аудандық филиалының директоры кәсіпкерлер алдында есеп берді

2020 жылғы 29 Қаңтар
- Жетісу облысы
4534 просмотров

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Кербұлақ аудандық филиалының директоры А.Нұрғалым аудан кәсіпкерлерімен жылдық есептік кездесу өткізді.

Аудандық филиал директоры өз есебінде «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының 2019 жылы орындалуы және «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру, «Қарапайым заттар экономикасы» механизмы арқылы алынған кредиттер мен механизм бойынша кредит алу жолдарын насихаттау, биылдан бастап қандай кәсіп өкілдері салықтан босатылатыны жайында сөз қозғады.

 

Есептік кездесуде кәсіпкерлер салық салу, ҚҚС, салық жүктемесін оңтайландыру, тексеру түрлері, кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды пайдалану, еңбек қатынастары және т. б. туралы білді. Микро және шағын бизнесті тексеруге мораторий; салықтық тексеруге түскен компаниялар тізімі; микро және шағын бизнес салықтарын төлеуден босату; 2020 жылдан бастап патентті пайдалану құқығы туралы айтылды.

Кездесу барысында сөз алған жеке кәсіпкер Е.Қуандықов 2019 жылы «Бастау Бизнес» бағдарламасының аясында оқып грант алғанын айтты. Соның арқасында бүгінгі күні күрке тауық өсірумен айналысып жатқанын жеткізді. Бұл бағдарлама елге көп пайда келтіретінін айтты. 

Ал ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Т.Елубаев ауылда көлік жөндеу орындарының жоқтығын айтып, кәсіпкерлерді осы салада жұмыс ашуға шақырды.

Сонымен қатар кәсіпкерлердің қойған сұрақтары несие, грант алуға қатысты,  «Бастау Бизнес» бағдарламасымен оқу туралы және салық мәселелеріне қатысты сұрақтар болды. Аталған сұрақтардың әрқайсысына жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер