«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысының Ақсу ауданында «Атамекен» ҰҚП филиал директоры кәсіпкерлермен есептік кездесу өткізді

2020 жылғы 21 Қаңтар
- Жетісу облысы
3829 просмотров

Алматы облысының Ақсу ауданында «Атамекен» ҰҚП филиал директоры аудан орталығындағы қант зауытында кәсіпкерлермен есептік кездесу өткізді

Бүгін Алматы облысының Ақсу ауданында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының филиал директоры жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өткізді.

Есептік кездесуде кәсіпкерлер палатасының Ақсу аудандық филиалының директоры Руслан Тұрсынов 2019 жылда жасалған шаруаларына есеп беріп, 2020 жылғы жоспарларымен тұрғылықты кәсіпкерлерді таныстырды.

Атап айтқанда бүгінгі күні Ақсу ауданында 3474 кәсіпкерлік субъект тіркелген. Аталған кәсіпкерлік орындарынан былтырғы жылы бюджетке 475,0 млн.тг түскен.

Директордың айтуынша ауданға тиесілі 726 564 га жердің 59 851 га көлемі егістікке,  620 701 га жері жайылымға берілген. Қазіргі күні аталған жер иелері өздеріне тиесілі жерді мүмкіндігінше игеруде Ал бос жатқан 46 012га жерді игеру мақсатында биылғы жылдың бірінші тоқсанында конкурс жариялап, егістік науқаны басталғанға дейін байқауды аяқтау жоспарланған. 

 

«2019 жылдың басынан бастап кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша 27 шағым келіп түскен. Олардың ішінде қант қызылшасын субсидиялау, жер телімдерін суғару мәселелері, алынған субсидияның қаржысынан салық төлеу мәселелері көптеп кездеседі. Аталған мәселелердің барлығы жергілікті атқару органдарымен бірлесе отырып шешіліп, кәсіпкерлерге түсінідірілген» - дейді кәсіпкерлер палатасының Ақсу аудандық филиалының директоры Руслан Тұрсынов.

Кездесу барысында жергілікті кәсіпкерлердің көкейінде жүрген сауалдар да қойылды. Аудандық шаруа қожалықтарының алға қойған мәселелерінің бірі – ол қант қызылшасы тұқымының субсидиясының кешігіп берілуі. Науқан басталғанда тұқым күтіп отыруға мәжбүр екендіктерін жеткізді. Бұл сұраққа аудан әкімінің орынбасары  Арман Қабаев өзі араласып, уақытылы беруге көмектесетінін жеткізді. Ал «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ беретін «Егінжай» бағдарламасы бойынша субсидияның кешігіп берілуін мәселе ретінде көтерілетіні жеткізілді.

Кәсіпкерлер тарапынан қойылған бір ұсыныс – ол аудан көлеміндегі егістік науқаны басталғанда техника жеткілікті болуы үшін әр ауылға бірдей үлестіріліп берілуі болды. Бұл ұсынысқа филиал директоры алдағы уақытта аудан әкімдігіне ұсыныс жасайтындығын айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер