«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы бизнестің 700 млн теңге сомадағы мүліктік құқығын қорғады

2019 жылғы 18 Ақпан
- Жетісу облысы
3188 просмотров

Бұл туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатыне мәлімдеді

Нариман Әбілшайықов кәсіпкерлердің құқығы мен мүддесін қорғау «Атамекеннің» негізгі қызметінің бірі екенін атап өтті. Есепті кезеңде Палатаға 365 шағым келіп түскен. Оның ішінде 194 өтініш оң нәтижемен шешілді.

«2018 жылы бизнестің мүддесі 701,2 млн теңгеге қорғалды. 2014жылдан бері Палатаға түскен арыз-шағымдарды талдайтын болсақ, олардың 71,5% кәсіпкерлердің пайдасына шешілген», – деп атап өтті ол.

Өткен жылы 35 әкімшілік кедергі анықталды. Оның 16 – республикалық деңгейде (4 – мәселелер реестріне қосылды), ал 19 – жергілікті деңгейде (алынып тасталынды – 13). Нариман Әбілшайықов негізгі проблемалық мәселе ретінде жер бойынша сауалдарды атады. Оның ішінде жергілікті атқарушы орган тарапынан жер учаскелері бойынша байқаулар мен аукциондар өткізілмейтінін жеткізді. 2018 жылы 6 ауданда бар-жоғы 10 байқау өткізілген.

Сонымен бірге, сатып алу саласында кедергілерді азайту мақсатында Палата жанында Жергілікті құрамды бақылау жөніндегі комиссия құрылған. Комиссия қызметі аясында 2018 жылы 8 отырыс өткізіліп, 16 аудандық және 3 қалалық әкімдіктің, 7 салалық облыстық басқарманың атқарған жұмысы жөнінде есептері тыңдалды. Отандық тауар өндірушілердің қатысуымен өткізілген шаралар нәтижесінде  кәсіпкерлерге құны 3,1 млрд теңге болатын 18 келісім-шарт жасасуға қолдау көрсетілді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер