«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысының құс фабрикаларына субсидиялар керек

2018 жылғы 06 Желтоқсан
- Жетісу облысы
5573 просмотров

Мәселе шешілмесе, сала дамуы құлдырайды, деп санайды кәсіпкерлер

Құс шаруашылығы саласының өкілдері Алматыда өткен баспасөз конференциясында субсидиялау мәселесін көтерді. Іс-шараға Алматы облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әсет Шаяхметов, «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» Заңды және жеке тұлғалар бірлестігінің президенті Руслан Шәріпов, «Когер ЛТД» ЖШС құс фабрикасының директоры Светлана Иванова, «Сары бұлақ» компаниясы» ЖШС құс фабрикасының директоры Мұрат Уәлиев, «Қазақстан Құстары» ЖШС құс фабрикасының директоры Петр Крынин, «Алсад Қазақстан» ЖШС директоры Оңдасын Тілеулиев қатысты.

 Алматы облысындағы құс өсіру шаруашылықтары өндіретін өнімнің республикадағы үлесі  құс еті бойынша 40%-дан астам, жұмыртқа бойынша 30%-ды құрайды.

Естеріңізге салсақ,  Алматы облысындағы құс фабрикаларына облыс бюджетінде қаражаттың жетіспеушілігі себепті биылғы жылдың сәуір айынан бастап субсидия бөлу тоқтатылды.

 Өз кезегінде Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Әсет Шаяхметов облыстың кәсіпорындары, жергілікті атқарушы органдар және Қазақстанның құс өсірушілер одағының қатысуымен осы мәселені шешу мақсатында бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

 «Кәсіпкерлеріміздің бұл мәселесі Кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігінің жіті назарында. Аталған проблема, сондай-ақ, биыл қазан айында жергілікті бизнес-қоғамдастықтың ҚР Премьер-Министрімен өткен кездесуі барысында көтерілген болатын. Нәтижесінде түйткілді мәселені шешу үшін бірқатар тапсырмалар берілді» – деді Әсет Шаяхметов.

Баспасөз конференциясы соңында сала өкілдері құс шаруашылығына мемлекеттік қолдау ұзақ мерзімде көрсетілуі қажеттігін атап өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер