«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысында ІТ-орталықтар ашылуда

2018 жылғы 30 Мамыр
- Жетісу облысы
5825 просмотров

Екі орталық колледждер жанынан ашылды

Талдықорғанда Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы, «Нұр Отан»  партиясының облыстық филиалы және өңірлік басқармалар арасында бастамалық жобаларды іске асыру және IT-сыныптар мен орталықтар ашу бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелері жөніндегі орынбасары Әсет Шаяхметов бірлескен бастама адами капиталды дамытуға бағытталғанын атап өтті.

«Қазіргі цифрландыру дәуірінде, үрдістерді автоматтандыру жағдайында it-мамандарды бірлесе дайындау аса маңызды. Себебі, бүгінде кәсіпкерлердің көпшілігі зауыт-фабрика жұмыстарындағы үрдістерді оңтайландырып, мейлінше адам күшін азайтуда. Сондықтан қазіргі бизнес нысандары инновациялық жолды таңдаған соң, it саласының мамандарына сұраныс жоғары. Сонымен бірге, it-мамандарын дайындау деген оның санын өсіру, материалдық-техникалық жабдығы төмен кабинеттер ашу емес, бәсекеге қабілетті, білімі жан-жақты маманды әзірлеу деген сөз», - деді Әсет Шаяхметов.

 

Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев осы уақытқа дейін партия филиалы нақты әлеуметтік топтарға бағытталған 7 партиялық жобаны жүзеге асырып келсе, бүгінгі күні «Нұр Отан» 22 жаңа жобаны жүзеге асыруға кірісті.

«Облыс бойынша 21 (20-сы аудан орталықтарында, 1-і Талдықорған қ. Оқушылар сарайында) ІТ-сынып ашылмақ. Мақсат – балаларға бағдарламалау мен робототехника негіздеріне үйрету, оларға қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім беру», - деді Ғалиасқар Сарыбаев.

Бастама аясында Талдықорған қаласындағы агротехникалық және политехникалық колледжердің базасында екі ІТ-орталық ашылды.

Жалпы 2018-2020 жылдары 8100 баланы оқыту мен жыл соңына дейін 50-ге жуық ІТ-маманды даярлау жоспарлануда.

Айта кетейік, осыған дейін Астана қаласында Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясы IT-мамандарды дайындау, шағын және орта бизнесті қолдау және білім беру саласын жетілдіре түсу мүддесімен жаңа жобаны басталғаны жөнінде мәлімдеген болатын. Таныстырылған бастамалардың бірі - мектеп оқушылары үшін ақысыз IT-сыныптар ашу. Алдағы 3 жыл аралығында мектеп оқушыларының бағдарламалау негіздері мен робот техникасының тілін терең меңгеріп алуы 1000-ға жуық арнайы IT-сыныптар жабдықталады. Жобаның жоспары бойынша жылда 8-16 жас аралығындағы 150 мың оқушы замануи IT ілімімен сусындауы тиіс.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер