«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сарапшылар өндірушілер мен сауда желілері арасындағы қарама-қайшылық себептерін атады

2018 жылғы 29 Қараша
- Жетісу облысы
5459 просмотров

Кәсіпкерлер назарына жеміс-көкөністі және өңдеуші сектордың жағдайы мен даму мүмкіндіктері жөніндегі талдау қорытындысы ұсынылды

 Талдықорғанда Кәсіпкерлер палатасында бизнес пен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткен жиында Қант, тамақ және өңдеу өнеркәсібінің қауымдастығы мен USAID өкілдері жеміс-көкөністі бағыт бойынша жүргізілген зерттеудегі даму жағдайы мен проблемалық сұрақтарды ортаға салды. Аталмыш зерттеу осы жылдың мамыр айында Алматы, Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында өткізілген.

 Жиынды ашқан Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешен бөлімінің басшысы Дәурен Оналбаев сала сарапшыларының зерттеу қорытындылары мен ұсыныстары ауыл шаруашылығы өндірушілерінің алдағы қызметін жетілдіруге сеп болатынын атап өтті. Айтуынша, өңірдің аграрлық секторында 40 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді.

  «Саладағы кәсіпорындардың басым бөлігі шағын кәсіпорындар кенін атап өту керек. Жеміс-көкөніс өсіру саласында жеткізілген өнімнің ақшасын уақыты төлемеу, қарызды ұзақ мерзімге дейін созу салдарынан өндірушілер қаржының басым бөлігін өндіріс циклына салуға мәжбүр болады. Сонымен бірге өнімділік көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Бұған ауа райы жағдайы, сапасы тһмен тыңайытқыштар, кәсіби мамандардың жоқтығы мен өсімдік шаруашылығындағы біліктіліктің төмендігі себеп болып отыр», – деді Қант, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Айжан Наурызғалиева.

 Сонымен бірге, егінді сақтау инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейінің төмендігі, сауда желілері тарапынан өнім сапасы, кесте мен көлемге қойылатын қатаң талаптарды орындай алмауынан кәсіпкерлер арасында екіжақты әріптестік байланыс жоқ. Үздіксіз сауда жүргізу үшін ірі сауда желілері импорттық тауарларды сатып алуға мәжбүр.

 «Өндірушілердің егін мен оның көлемін бойынша нақты жоспарлары жоқ. Өсіру жүйесіне қатысты шешімдер дәл сол жағдайға байланысты, нарықтың жағдайын терең талдаусыз, табиғат пен ауа райы жағдайына қарамай қабылданады.  Сондықтан өндіруші, өңдеуші мен тұтынушы арасында логикалық байланыс жоқ», – дейді спикер.

Сарапшылар шаруалар арасында маркетинг, бизнес-жоспарлау, егінді өсіру, жинау мен сақтаудың жаңа технологиялары тақырыптары бойынша оқыту жүргізу қажеттілігіне назар аударды.

Алматы облысының ауыл шаруашылығы саласындағы кәспкерлерге мемлекеттік органдарымен байланысты жақсарту, Жамбыл облысындағы өндірушіден өңдеушіге дейін өнімді көлікпен жеткізу шығынын өтеп беру тәжірибесін енгізу, 100 шақырым аумақта қант қызылшасын қабылдау орындарын ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастыру туралы ұсыныстар айтылды.

 Сонымен бірге зерттеушілер Көксу ауданындағы соя бойынша өндірушілер мен өңдеушілер арасындағы қалыптасқан әріптестік өзге өңірлер үшін оң тәжірибе болып табылатынын айтты.

 Жиын барысында көкөніс пен жемістерді өндірушілер ммен өңдеушілерге арналған бағдарламалардың іске асыру барысы талқыланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер