«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстанда әлеуметтік заңдық көмек енгізіледі

2017 жылғы 11 Желтоқсан
7139 просмотров

2020 жылдан бастап адвакат немесе заң кеңесшісі абайсызда кәсіби қателік жіберген жағдайда клиентке сақтандыру төлемін енгізу жобаланған

Бүгін Алматыда «Келешек: заң кеңесшілері қызметін заңмен реттеу – 2018 жылдан жаңа шынайылық» тақырыбында конференция өтті. Іс шараны «Kazakhstan Bar Association коммерциялық заңгерлер алқасы (KazBar)» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Конференцияға ҚР Әділет министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері, KazBar мүшелері мен заң және аудиторлық компаниялардың заңгерлері қатысты.

ҚР Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысында берілген тапсырманы, Құқықтық саясат тқжырымдамасын жүзеге асыру аясында ҚР Әділет министрлігі «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заң жобасын биыл 8 ақпанда дайындады. Қатысушылар адвакат қызметі және заң көмегі туралы заң жобасын, заң кеңесшілері қызметін реттеуге қатысты өзге де заңдарға ілеспе өзгертулерлі талқылады.

«Біз бас қосып, жаңа заң аясында қалай жұмыс істейтінімізді талқылағымыз келді. Жаңа заң жобасы Мәжілістің қарауында, соңғы талқылаулардан өтуде. Әлі де өзгерту енгізуге мүмкіндігіміз болады деген үміттеміз. Қалай болғанда да бізге барлығы да түсінікті. Біздің қыметіміз осы күнге дейін реттелмеген. Пікірлер әртүрлі. Кейбіреулер ешқандай реттеу керек емес дейді. Бірақ біз, KazBar әлемнің дамыған елдеріндегідей реттеу керек деп есептейміз. Шетелдік клиенттермен жұмыс істейміз, олар өздерінің ережесі мен талаптарын ұсынады, біз сол талаптарға сай болуымыз керек», - деді Айгүл Кенжебаева.

Конференцияда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының атынан Заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту департаментінің дирекоры Айжан Бижанова қатысты.

«Заң жобасы азаматтардың білікті заң көмегін алудағы конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда құқықтарын, бостандығы мен заңды мүддесін қорғауды күшейтуге сондай-ақ оны көрсету механизмдерін жетілдіруге бағытталған. Заң жобасында жеке жұыс істейтін заң кеңесшілерінің қызметін оларды өзін-өзі реттеу ұйымдарына бірлестіру арқылы реттеу қарастырылған, сондай-ақадвокаттар мен заң кеңісшілері үшін адвокат, заң кеңесшісінің көмегіне төлеудің тарифтік кестесін дайындау, кәсіби жауапкершілікті сақтандыру міндеті болады», - деп түсіндірді Айжан Бижанова.

Бижанованың айтуынша авдвокат немесе заң кеңесшісі процессуалдық мерзімді өткізіп алу, құжаттарды дұрыс толтырмау, жасалатын заң әрекетінің клиентке зиян тигізетін зардаптары туралы хабардар етпеу, клиент құжатын жоғалту немесе бүлдіріп алу, мағлұматтарды абайсызда беріп тарату секілді кәсіби қателіктерді байқаусызда жасаса клиенттерге сақтандыру төлемі беріледі. Бұл ереже 2020 жылдан бастап енгізіледі деп болжанады.

«Сонымен қатар заң жобасында мамандыққа кірісуді жеңілдету ұсынылған. Бүгінде Қазақстанда жұмыс істеп тұрған адвокаттардың саны төрт жарым мыңнан асады. Қазақстанда бір адвокатқа шамамен 4 мың азаматтан келеді. Батыс Еуропа елдерінде 1 адвокатқа 250-ден 1000 адамға дейін келеді. Көп мамандар 800 000 теңге дейін құбылатын кіру жарнасының негізсіз жоғарылығынан адвокат бола алмайды», - деп хабарлады департамент директоры.

АҚШ, Англия, Автралия, Франция, Нидерландының тәжірибесіне орай Заң жобасында кешенді әлеуметтік заң көмегі деп аталатын бастапқы pro bono заң көмегін көрсету енгізіледі. Елімізде pro bono енгізу әлеуметтік және қаржылық жағдайы қиын азаматтарға әлемдік тәжірибеге сай құқықтық жағдайын толықтай сүйемелдейтін адвокаттың немесе заң кеңесшісінің көмегін алуға мүмкіндік береді.

«Жалпы заң жобасын қабылдау халықтың кәсіби біліктілігі жоғары мамандардан қол жетерліктей әрі сапалы заң көмегін алуды қамтамасыз етеді», - деп тұжырымдады Айжан Бижанова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер