«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Электронды шот-фактура жүйесінде олқылықтар бар

2017 жылғы 31 Наурыз
- Жетісу облысы
6891 просмотров

Бухгалтерлердің айтуынша мемлекеттік кіркстер департаментінің қолдау қызметі техникалық қателіктерді түзете алмай отыр.

Бухгалтерлер Алматы облысы Бухгалтерлер клубының V кездесуінде  электронды шот-фактураларды жазып беру мен алудың ақпараттық жүйе жұмысына қатысты ұсыныстары мен ескертпелерін ортаға салды. Тәжірибеде көрсеткендей, электронды шот-фактураның ақпараттық жүйесіне айтарлықтай өзгертулер қажет. Бухгалтерлер күн сайын жүйедегі техникалық қияндықтар туындап, ағымдағы жұмыстары келтірілген кедергілерді көріп отыр.

«Бостан» ЖШС бухгалтерінің айтуынша экпорт пен импорт электронды шот-фактурада 200 данадан астам көлемде онлайн құжат жүктелмейді. Мемлекеттік кірістер департаментінің қолдау қызметіне хат жолданған, алайда бұл мәселе күні бүгінге дейін шешілмеген. Мұнымен қоса, «G» бөлімінің 14-бағанды толтыру кезінде алып тастау тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасындағы тауар өндіруші сертификаты туралы ақпаратты енгізу үшін белгі саны жетіспейді. Сол себепті де бухгалтерлер бұл мәліметті электронды шот-фактураның 15-бағанына енгізуге мәжбүр. Мемлекеттік кірістер департаментіне бірнеше мәрте жүгінгеніне қарамастан, бұл мәселе әлі де қарастырылу үстінде.

Сонымен қатар, мамандар пікірінше, электронды шот-фактураның ақпараттық жүйесінде жеткізушіге өзінің қосыша жолдаған шот-фактураларына өзгертулер енгізуге мүмкіндік беруді қарастыру қажет. Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Нариман Бахтияр ұсыныстар назарға алынатынын атап өтті.

Жиын барысында Медициналық қызмет көрсету төлемі комитеті депаратаментінің басшысы Мақсұт Қалажанов пен МКД түсіндіру жұмысы басқарамасының маманы Салтанат Әлдибекова «Міндетті әлеуметтік медициналық сатандыру туралы» Заңның ерекшеліктері туралы айтып, Клуб қатысушыларының сауалдарына жауап берді. Еске салсақ, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жоспарлануда.

Өз кезегінде Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі ЖАнболат Өкісікбаев корпоративтік табыс салысы мәселелеріне тоқталды.

Клуб модераторы, Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Анар Қалабаева бухгалтерлерді жаңа салық кодексінің жасалуына белсенді атсалысуға шақырып, ұсыныстарын жолдауды сұрады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер