«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Малды қоңды ұстаймын десеңіз...

2016 жылғы 06 Қазан
- Жетісу облысы
7165 просмотров

Ең алдымен, малдың азығы мен күтіміне мән беру керек

Ескелді ауданындағы «Тайжанов» шаруашылығында мал өсіру жөнінде кезекті семинар өтті. Айта кетерлігі, Алматы облысында Агробіліктілік орталығының оқыту семинарлары шілде айында басталған еді.

Осы жолы кәсіпкерлерге бордақыланатын ірі қара малды бағу технологиялары туралы айтылды. Тақырып жаңа болмағанымен, берілген кеңестер мен ұсыныстар шаруа қожалықтары иелеріне төлдерді сақтап қалуға, өнімділікті арттырып, машықтарын арттыруға көмектесуі керек. Жергілікті жерлердегі көптеген шаруашылықтар ескі кеңестік әдісті пайдаланып, сол бойынша жұмыс істейді. Алайда қазіргі ауа райы жағдайлары, азық түрлері мен малдардың жаңа әдістерді талап етеді. Сауатсыздық малдың қырылуына, кірістің азаюына, қаржылық және құрылыс шығындарының артуына әсер етеді. Дәріс беруші Жұлдыз Құрманбаеваның пікірінше, малды бағу мен азықтандыру ауа райына тәуелді, сондықтан әрқайсысына жеке тәсілмен қараған жөн. Бір әдіс барлығына бірдей келе бермейді.

«Жемдеу ұзақтығы жас төлдер үшін  3-5 ай, ал ересек малдар үшін 2-3 айға созылады. Жемдеу үш кезеңге бөлінеді: бастапқы (20 күн), орта (40 күн) және соңғы (30 күн). Жекелеген кезеңдер үшін жасалған рациондарға малдарды 3-4 күннің ішінде өткізеді. Азықтандыру азықтың тәуліктік көлемі мен оның жиынтығына қарай күніне 2-3 реттен жүргізілетінін ескеру қажет», – деп атап өтті ол.

Дәріс беруші азықтың үш түрін ұсынды. Сондай-ақ кәсіпкерлерді тәуліктік нормамен, азықтың бір тәуліктегі және барлық жемдеу кезіндегі нормасымен таныстырды. Бұл есептер мен әдістер қазіргі суық ауа райы кезінде де жарай береді. Құнарсыз қара шөптер сиырлардың өмір сүруіне қажетті қуат береді, алайда олардың құрамындағы ақуыздар, минералды заттар мен дәрумендер жеткіліксіз. Сондықтан маман әр бас сиырға тәулігіне 60 г минерал беруге кеңес берді. Егер минералды құрғақ рационға қосуға болмайтын болса, онда тұз қосу қажет. Есептеулер бойынша, бір сиырға тәулігіне 45 г тұз берілуі тиіс. Арақатынас мынандай болуы керек: 25% тұз, 75% минералдар. Мәселен, кобальттың-В1 дәруменінің жетіспеуі малдың жүнін, өнім беру қабілеттілігін нашарлатып, көздерінде ірің пайда болады.

Кәсіпкерлер жем-шөпті желден қорғалған, құрғақ жерде сақтау қажеттігін естен шығармаулары қажет. Айта кетерлігі, көптеген кәсіпкерлер ауа райы жағдайларын бағамдай бермейді, соның салдарынан мал зардап шегеді. Етті сиырлар құрғақ, желден ық жерде тұрса, қораның ішіне кіргізудің қажеті де жоқ. Егер ондай мүмкіндік болмаса, жақсы жабылған, құрғақ жер керек. Бәрі ұғынықты болу үшін кәсіпкерлерге шаруа қожалығына саяхат ұйымдастырылды.

«Етті сиырлар үшін төменгі температура –20°C. Оның өзінде сиырлар жерсіндірілген, түгі жақсы, рационы үйлестірілген, желден қорғалған болулары қажет. Температура –20°C-тан төмендей бастаса, әр 50 градуста әр бас сиырдың жеміне 0,5 келі астық қосыңыздар. Ал арық сиырлардың азығына 1 келіден қосу керек. Сондай-ақ сабанды мөлшерден тыс қолданбау қажет. Егер малды азықтандырмасаңыздар, оның генетикалық әлеуеті пайда әкелмейді. Қоректік заттарды барынша аз жеткізу өсімді шектейді», – деді Ж.Құрманбаева.

Семинар аяқталған соң кәсіпкерлер тақырыпқа сай және несиелер мен субсидиялар алу бойынша мазалап жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер