«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жүгері өсірудің жемісті жақтары көп

2016 жылғы 30 Қыркүйек
- Жетісу облысы
10707 просмотров

Панфилов ауданында жүгері өсіруші зауыттарға арналған кезекті семинар өтті

Алматы облысында «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығының оқыту семинарлары жалғасып жатыр. Жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына арналған семинар «Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жағдайында жоғары өнімді жүгері агрофитоценозын қалыптастыру» тақырыбында, жүгері өндіру бойынша ірі серіктестік – «Ернар» шаруа қожалығының базасында ұйымдастырылды.

Дәріскер А.Омарованың айтуынша, өнімділікті арттыру үшін өсіп-өну кезеңінде топырақтың ылғалдылығы мен жауын-шашынның мөлшерін ескере отырып, себу уақытын, нормаларын, тәсілдерін дұрыс таңдау керек. Өсімдікті күзгі суыққа қарағанда, көктемгі аязда ауыстыру оңай. Басқа дәнді-дақылдарға қарағанда қысқа мерзімді, бірақ мол жарықты талап етеді. Қыстан кейін ауыспалы егістікке орналастырғаннан кейін жүгері жоғары өнім беретін болады. Жүгеріні қысқы арпа, дән, бұршақтан кейін еккен жақсы.

«Ғылыми-зерттеу мекемелерінің мәліметтері мен өндірістік тәжірибелері жүгерідегі агрохимиялық картограммалар және жоспарланған егін деректерін ескере отырып, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды  қажетті мөлшерде топыраққа жүйелі түрде енгізген жағдайда, бір егістікте ұзақ уақыт өсіру арқылы жақсы өнім алуға болатынын көрсетіп отыр. Жүгері әсіресе қи мен көңге жақсы өседі», – деп атап өтті дәріскер. Кәсіпкерлерге өсімдіктің өсуіне тікелей әсер ететін органикалық және минералды тыңайтқыштарды пайдаланудың маңыздылығы түсіндірілді.

Сондай-ақ зерттеушілер бағдарламалау әдісін нысанаға алуды ұсынады. Ол өз кезегінде әрбір егістіктегі өнім көлемін жоспарлауға мүмкіндік береді. Сол себепті сарапшылар топырақ өңдеуді тиімді жүргізуге, жоғары сапалы тұқым пайдалануға, себу нормасын есептеуге және біркелкі тереңдікте себуге кеңес береді. Сонымен қатар арамшөптермен, аурулармен және зиянкестермен жоспарлы күрес жүргізілуі тиіс. Жүгері астық ылғалдылығы 30%-дан аспаған кезде жиналады. Шығындардың алдын алу үшін жинауды қысқа агротехникалық мерзімде жүргізу керек. Жинаудың ұзақтығы 10-15 күннен аспаған жөн.

Кәсіпкерлерге мысал үшін  көбірек өнім алуға болатын және ауа-райына қолайлы кейбір будандардың ерекшеліктері көрсетілді. Мысалы, Торғай буданы 5/87 өсіп-жетілу мерзімі бойынша 90-92 күнде піседі. Солтүстік жағдайында 35-40 ц/га астық және 370-400 ц/га жасыл өнім алуға болады. Оңтүстік халқы үшін тиімді будан түрі – "Қазақстандық 705 СВ". Бұл түр кешірек 135-140 күннің ішінде піседі. «Қаскелендік» тәжірибелі шаруашылықтың өндірістік сынағында бұл будан түрі гектарынан 139,4-142, 5 ц астық, 725-750 ц жасыл өнім берді.

Сондай-ақ дәріскер семинар соңында қатысушыларды мемлекеттік қолдау шараларымен таныстырып, сұрақтарына жауап берді.

Естеріңізге сала кетсек, келесі аптада, 3 қазаннан бастап 5 қазанға дейін және 8 қазанда, қарасайлық кәсіпкерлерді омарта шаруашылығы бойынша семинарлар күтіп тұр. Ал 4-5 қазанда Алматыда ет өңдеу кәсібінің ерекшелігін есепке ала отырып, өңдеу кәсіпорындарының тиімділігі туралы семинар өтеді. Семинарға 8 (7282) 401024 телефон нөмірі арқылы жазылуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер