«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстандық аккумуляторлар – Қытай нарығында

2016 жылғы 21 Қыркүйек
- Жетісу облысы
17562 просмотров

Талдықорғандық «Қайнар-АКБ» зауыты өз өнімін Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына жеткізе бастады

Аккумулятор шығаратын жалғыз отандық зауыт – «Қайнар-АКБ» ЖШС өз өнімінің бірінші топтамасын ҚХР-ға, оның ішінде, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына жөнелтті. Аталған өңір компанияның логистикалық және аумақтық мүмкіндіктеріне қарай таңдалған екен. «BARS» және «KAINAR» маркалы 500 аккумуляторлық батарея дүкендерде сатылымға шығарылған. Осы ретте, компания осы істі одан әрі дамытуды жоспарлап отыр. Бас директордың орынбасары Есет Қанаевтың айтуынша, «Қайнар» Азия және Еуропа елдерінде шығарылатын аккумуляторлармен бәсекеге түсе алады екен.

«Компания Қазақстан мен ТМД елдерінің аккумулятор нарығының даму үдерісіне үнемі сараптама жасап отырады. Себебі, нарықты зерттеп білмей жатып, өз өніміңді сату мүмкін емес. Сондықтан біз, сегменттер рейтингісін белгілеп, салалардағы және мақсатты өңірлердегі өнімді өткізу саясатын құрып алдық. Сондай-ақ, болашағы бар тауарлық сегменттер де анықталды. Ол дегеніміз, автокөліктердің барлық түрлерін қамтуды көздейтін, автокөлік иелерінің талаптары мен мүмкіндігін ескере келе іске асатын мақсатты тармақтар деген сөз», – деді ол.

Кәсіпорын ай сайын 250 мың дана өнім шығарады. Бірнеше жыл бұрын зауыт толығымен жаңартылған. Енді кәсіпорын өнімдері барлық халықаралық стандарттарға сай келеді. Аккумуляторлардың 70%-дан астамы экспортқа кетеді. Жақын шетелдерге өнім 10 жыл бойы жөнелтіліп келсе, алыс шетелдерге соңғы 2 жылда жіберілуде.

Зауыт жалпы, 4 санатты өнім шығарады. Оларға эконом, бизнес, премиум және тұтынушының сұрауына орай шығарылатын санаттар жатады. Сонымен қатар, бұған дейін Қазақстанда өндірілмеген «Қазақтелеком» және «ҚТЖ»-ға қажет стационарлы индустриалды аккумуляторларды шығару жолға қойылған. Осы арқылы өнеркәсіп республика және ТМД елдерінің телекоммуникациялық желілер және теміржол көлігі салаларының тұтынушаларын тартуды көздеп отыр.

Ал, азиялық нарықты, оның ішінде, Парсы шығанағы елдері нарығын бағындыру мақсатында, «Қайнар-АКБ» жоғары температурада ұзақ уақыт бойы жұмыс жасайтын аккумуляторлар шығара бастаған.

«Өндіріске жаңа заман аккумуляторлары шығарыла бастады. Олар  суық қосқыштың жоғары тоқтарымен сервистік қызмет көрсетусіз жұмыс істеп, тәулігіне 25 ретке дейін қызмет көрсете алады», – деді Есет Қанаев.

Компания Қытай нарығында өнімді сатуды бастағаннан кейін, өнімді Польша және Германияға экспортқа шығармақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер