«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кербұлақтағы кедергілерді прокуратура тексереді

2016 жылғы 24 Тамыз
- Жетісу облысы
7054 просмотров

Прокуратура Кербұлақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлерге қатысты әрекетін тексереді

Қадағалаушы органға Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің кезекті отырысында осындай кеңес берілді.

Кеңес отырысында Кербұлақ ауданындағы «Қарлығаш» шаруа қожалығының ісі қаралды. Оның алдында кәсіпкер Байғазы Телеуов Палатаға ауыл шаруашылығына бөлінген жерлерді заңсыз алып қою жағдайына байланысты құқығын қорғауға өтініш білдіре келген-ді.

2012 жылдың 8 қарашасы күні кәсіпкердің жалпы аумағы 769 гектар болатын жер телімін 49 жылға жалға алу құқығын жеңіп алғандығы мойындалғандығы анықталды. Одан кейін Кербұлақ ауданы жер қатынастары бөлімімен жалға беру шарты жасалған. Мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін Телеуов 148 872 теңге көлеміндегі төлемді аударған. Алайда, сәйкестендіру құжаты өз мерзімінде дайын болмаған.

«ҚР Жер кодексінің 43-бабы 7-тармағының 6 жолына сәйкес, жер теліміне сәйкестендіру құжатын мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мемлекеттік корпорация алты жұмыс күнінің ішінде әзірлеп, ұсынуы тиіс. «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» департаментімен жүргізілген бірнеше келіссөздерден кейін құжаттарды алу үшін кәсіпкерге қосымша 111 мың теңге төлеу қажеттігі анықталды. Осыған қарамастан, бұл мәселе күні бүгінге дейін шешілмеген күйде қалуда», – деді Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі бөлімінің сарапшысы Диас Оташбаев.

Осы уақыт аралығында Кербұлақ аудандық әкімдігі жаңа қаулы шығарып, кәсіпкерден жерді алып үлгерген. Алайда, бұл, Байғазы Телеуовтің конституциялық құқықтарына нұқсан келтіретін қатаң заң бұзушылық болып саналады.

«Әкімдік қаулысының кіріспе бөлімінде жерді қайтарып алу туралы шешім жер комиссиясының хаттамасы негізінде қабылданғандығы көрсетілген. Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Кербұлақ аудандық филиалының директоры Болат Тастанбеков аудандық жер комиссиясының мүшесі. Оның айтуынша, аудандық жер комиссиясының ешқандай отырысы болмаған және жерді қайтарып алу туралы мәселе қаралмаған», – дейді Оташбаев.

Палата сарапшысы «Қарлығаш» шаруа қожалығының алынған жер телімдерін мақсатты тағайындамадан еш ауытқымастан пайдаланып отырғандығын, барлық суғарылатын жерлерге астық пен басқа да дәнді-дақылдар себілгендігін атап өтті.

Өз кезегінде Кербұлақ ауданы әкімдігінің өкілі кәсіпкер құжатты дер кезінде алып кетпеді, деп отыр. Осы жайт жер телімін қайтарып алуға негіз болған.

Қос тарапты да тыңдап алған Кеңес мүшелері облыс прокуратурасына Кербұлақ ауданы әкімдігіне тексеріс жүргізуге және әкімдік қаулысын жою бойынша прокурорлық жауап қату шараларын қабылдау жөнінде кеңес берді. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментке  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» мекемесі Алматы облысы бойынша филиалы «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» департаментіне жер телімдеріне сәйкестендіру құжаттарын беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзуға байланысты егжей-тегжейлі тексеріс жүргізіп, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту жөнінде шаралар қолдануға ұсыныс жасалды.

Бұдан бөлек, прокуратура Кербұлақ ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысын тексереді. Бұл жолы өтініш «Дос» мүгедектердің қоғамдық бірлестігінен келген. Белгілі болғандай, мүмкіндігі шектеулі жандар 20 күннен бері «Инватакси» қызметін пайдалана алмай келеді. Қоғамдық бірлестіктің төрағасы Қуаныш Қапановтың айтуынша, өткен жылдың тамыз айынан бері тендер қорытындысы бойынша оның ұйымы такси қызметін көрсету бойынша конкурстың жеңімпазы атанған. Бір жылдық мерзімге шарт жасалған.

«Инватаксиді» сенімгерлік басқару шартының мерзімін ұзарту туралы аудан әкімінің атына бірнеше мәрте хат жіберілген. Алайда, әкімдік «Дос» қоғамдық бірлестігі өкілінің хаттарын қарамаған. Қаржы бөлімі де мерзімі өткен соң қайта шарт жасасу туралы ешқандай шара қолданбаған, соның салдарынан мүгедектер қоғамдастығы мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерді тасымалдау бойынша ешқандай қызмет көрсете алмай отыр. Мемлекеттік органдардың әрекетсіздігі Көлік және коммуникациялар министрінің «Мүгедектерді автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызмет көрсету ережелерін бекіту туралы» бұйрығы мен «Дос» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі тарапынан шарттық міндеттемелердің бұзылуына әкеп соқтыруда. Орын алған жағдайларға байланысты мүмкіндігі шектеулі жандар ешқайда шыға алмай отыр», – дейді Палата сарапшысы Айдар Қажымұқан.

Бұл мәселе де облыс әкімдігінің ерекше бақылауында. Отырысқа қатысқан Кеңес мүшесі, облыс әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев аталған мәселелерді шешу үшін өңір басшылығы қажетті шараларды қолданатындығына сендірді.

Кеңес отырысында жеке сот орындаушы Берік Дөңқабақов тарапынан заң бұзушылық мәселесі де қаралды. Оның әрекеттері «Комбиснаб» АҚ-ның оңалту рәсімін сатуына әкімшілік кедергі келтіруде. Бұрынырақ Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2013 жылы компанияға қатысты 5 жыл мерзімге оңалту рәсімін қабылдаған. Сот «Комбиснаб» АҚ-ны оңалту жоспарын бекіткен, ол бойынша қарыз берушілер бірінші кезекте еңбекақысына қарай еңбек ұжымы болып табылады, екінші кезекте – салықтық міндеттемелер, үшінші кезекте – міндеттемелері, қамтылған кепілдер бойынша «АТФ Банк» АҚ, бесінші кезекте – Ысқақова М.Н.

Палата сарапшысы Диас Оташбаевтың айтуынша, бірінші және екінші кезек бойынша оңалту рәсімі толығымен орындалған. Үшінші кезектегі «АТФ Банк» АҚ-ның алдындағы міндеттемелері орындалу сатысында. Бесінші кезектегі Ысқақованың алдындағы міндеттемелерінің әлі уақыты келмеген.

«Алайда, «Комбиснаб» АҚ-ға қатысты бесінші қарыз берушінің пайдасына 34 023 млн теңге көлемінде қаржы өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу қозғалған. Осыдан кейін компанияның банктердегі есеп айырысу шоттары қамауға алынған. Өтініш берушінің пайдасына 7 млн теңгеден астам қаржы алынған», – дейді заңгер.

Компания өкілі АҚ-ның шын мәнінде сот шешімі бойынша барлық қарыз берушілермен есептесетіндігін айтты. Оған бесінші қарыз беруші мен жеке сот орындаушының әрекеттері түсініксіз болуда, олар бір-бірімен жоғарыда аталған жағдайда танысқан. Енді банктік шоттары қамауға алынғандықтан, «Комбиснаб» АҚ негізгі қызметі мен оңалту жоспарын орындай алмай отыр.

ӨКП Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы Баниямин Файзуллин прокуратура органдарына инкассолық өкім бойынша және жеке сот орындаушының қамауға алу туралы қаулысының күшін жою жөнінде прокурорлық жауап қату шараларын қолдану туралы ұсыныс айтты. Бұл ұсыныс бірауыздан қолдау тапты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер