«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» Үкіметке несиелеу саласындағы өзінің тәжірибесін ұсынды

2016 жылғы 28 Маусым
9521 просмотров

Министрлер кабинетінде жаңадан іс бастаған кәсіпкерлерді несиелеу бағдарламасын бір ізге түсіру мүмкіндігі талқыланбақ

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Ұлттық экономика министрлігіне ШОБ-қа арналған несиелеу шарттарын теңдестіру туралы мәселені қарауды тапсырды. «Дайындалыңыздар, келесі аптада сіздердің тәсілдеріңізді талқыға салатын болайық. Бізге түрлі салаларда бар бүкіл бағдарламаларды – кәсіпкерлік, Жұмыспен қамтудың жол картасы және басқаларын бірыңғайлау қажет, сонда барлығының арасында арбитраж болмайды. Мөлшерлемелер,  шарттар барлық жерде бірдей болуы тиіс», – деп тапсырды К.Мәсімов.

Сонымен қатар, Үкімет мүшелерін «Атамекен» ҰКП-ның ауылдағы жаңадан бастаған кәсіпкерлерді несиелеу саласындағы үлесі жайлы хабардар ете отырып, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев «Атамекеннің» сәтті тәжірибесін пайдалануды ұсынды.

«Біз барлық аудандарда Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарын және кәсіпкерлік мектептерін аштық, онда адамдарды үйретеміз, көмектесеміз, оларға барлық мәселелер бойынша кеңестер береміз. Осы жұмыстардың нәтижелеріне қарап, біз кәсіпкерлік тәжірибесі жоқ жергілікті тұрғындардың басым көпшілігі неден бастауды білмейтініне көзіміз жетті», – деді Н.Әлтаев.

Нұржан Әлтаев жаңадан іс бастаған кәсіпкерлерді қаражат құралдарына қолжетімділік қатты қызықтыратынын қоса айтты. Бұл жайында айта келіп, ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, «көптеген қаржы институттары ауылдағыларды қаржыландырмайды, мұны жоғары тәуекелді ұсыныс деп санайды», – деп атап өтті.

«Біз ҰКП-мен қатарлас шағын кәсіпкерлікті микронесиелеу бағдарламасын іске қостық. Біз жекеменшік капитал мен демеушілік қаражаттың есебінен 1,5 млрд теңге тарттық, сөйтіп бес өңірде – Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау облыстарында оны жүзеге асырудамыз», – дей келе Н.Әлтаев, бұл өңірлерде бағдарламаға жергілікті бюджет те бір жарым миллиард теңге шамасында ақша бөлгенін айтты.

ҰКП Басқарма төрағасы орынбасарының айтуынша, «Атамекеннің» бағдарламасында жұмыспен қамту бағдарламасына қарағанда нақты  өзгешеліктер бар. Мысалы, несиелеудің ең жоғарғы сомасы – үш емес, 16 млн теңге. Паритеттік негізде бөлінетін бұл қаражат ауылдағы қарыз алушыларға 7%-дан аспайтын мөлшерлемемен және бес жылға дейінгі мерзімге беріледі.

«Біз өзіміздің несиелеу бағдарламамызды қарастыруды ұсынамыз, ол бүгінгі күні ауыл тұрғындары үшін ең қолжетімді нұсқа болып табылады, және де біз құрған микронесиелеу ұйымдарын да пайдалануға болады», – деп Нұржан Әлтаев Үкімет мүшелеріне ұсыныс жасады. 

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер