«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» тасқынға дайындық жұмыстарын қадағалайтын болады

2016 жылғы 02 Ақпан
8708 просмотров

ҰКП төтенше жағдайлардың алдын алуға бөлінген едәуір қаражатты бақылайтын бюджеттік комиссияға өз өкілдерін жіберетін болды.

Көктемгі тасқынға дайындық жағдайы «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі Кеңес отырысында талқыланды. Қарағанды облысы бойынша Кеңестің басшысы Серік Төрегелдин осы мәселе бойынша сөз сөйлеп, қазақстандық шенеуніктердің кез-келген төтенше жағдайға мінсіз дайын екендігі жөнінде жыл сайын мәлімдеме жасайтынын, алайда тасқын ажал құштырып, елдімекен пен бизнеске шығын келтіруін жалғастырып келе жатқанын атап өтті. «Не үшін біз бұл мәселені көтеріп отырмыз? 2016 жылдың осы кезеңінде, апатты оқиғаға соқтырған өткен жылға қарағанда жауын-шашын жоғары болды. Бүгінде тұрғындар, Қарағанды облысының кәсіпкерлері су тасқынын қорқынышпен күтіп отыр. Былтырғы тасқыннан кәсіпкерлер үлкен шығын шекті, мемлекет іс-жүзінде оны өтеп бере алмады. Қарағанды облысының 47 кәсіпкеріне 70 млн. теңге шығын келген», – деді ол.

Уәкілетті меморгандардың әрекетсіз отырғанының анық мысалы Қарағанды облысы Көкпекті елді мекеніндегі бөгеттің жарылуы. Қарағанды облысының прокуратурасы апатты жағдайға «Табиғат ХХІ» ЖШС-нің құрылтайшысы Владимир Крючков кінәлі деген қорытындыға келді. Ал, кәсіпкер бөгеттің апатты жағдайы жайлы уәкілетті меморганға үздіксіз ескертумен болған, құрылыстың меншікті иесі болмаса да оны өз бетінше бекіткен. Шенеуніктер тарапынан төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында апатты жағдайдағы бөгетті нығайтуға ешқандай әрекет жасалмады. «Біз бұл мәселені Кеңесте қарадық. Онда барлық процедуралардың нормалары көп бұзылған. Біз «жігіттер, бұлай болмайды» деп тергеу органына да, қадағалау органына да айттық. Бірақ, соған қарамастан, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде ана кәсіпкер осы экономикалық қиын жағдайда бюджетін толтырудың орнына, таңнан кешке дейін сотта түсініктеме беріп отыр», – деді Төрегелдин.   

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы Ғани Қасымов мәселе селге дайындық жұмысына бюджеттен жеткіліксіз қаражат бөлінуінде деп есептейді. «Бұдан шығар жол – бюджет комиссиясын біздің адамдармен (Ұлттық палатаның қызметкерлері) толықтыру және бөлінген бюджеттік қаржымен жұмыс істеу. Не жетпейді? Біз қазір «бәле келмей тұрып, кел бұл мәселені шешейік» деп жатырмыз. Теміртау, Балқаш, Сәтпаев, Қаражал, Абай, Ұлытау бойынша біздің қызметкерлер әлдеқашан комиссияда жұмыс істеп келеді. Қазір кезде бюджетке қажетті қаражатты енгізу мәселесі пысықталуда. Сіз маған айтыңыз, біздің қызметкерлер қай жерлерде жетіспей жатыр, қайда жергілікті атқарушы органдар кедергі келтіріп жатыр? Алдын алу ескерту тәртібімен жұмыс жасау қажет: қай жерге қандай бөгет қою керек, ол қанша тұрады, қандай қаражат қажет, қаншасы жұмсалды, қаншаса жетпей жатыр, апат неден орын алды», – деді ол Төрегелдинге. 

«Қарағанды облысында дәл 9 қала мен 9 аудан орталығы бар. 6 елді мекенде ҰКП өкілдіктері бар, 12-сінде жоқ», – деп жауап берді ол.

«Шұғыл түрде әкімшілікке хабарласып, Кеңес атынан аудандардың бюджеттік комиссиясына Ұлттық палатаның өкілдерін ұсыну керек. Жағдай осындай болғандықтан, оларға ескерту қажет. Қазір ТЖМ күштерімен бірге бұл мәселені мұқият әрі кәсіби түрде қарау қажет», – деп қорытындылады Қасымов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер