«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сауда орталықтарына сыртқы жарнама жасауға тыйым салынған

2018 жылғы 02 Қазан
- Алматы қаласы
12592 просмотров

 Алматыда бір топ кәсіпкер Сәулет және қала құрылысы басқармасы мен «Алматыбасжоспар» ЖШС қызметкерлерінің заңсыз әрекетінен зардап шекті.

«2018 жылы 15 тамызда Сәулет және қала құрылысы басқармасынан сауда орталығының қас бетіне орнатылған сыртқы жарнаманы алып тастауды сұраған хат келді. Бұл маңдайша жазулар жалға алушыларға тиесілі, оған кәсіпкерлер 1 млн теңгедей қаржы жұмсаған. Бірақ Жарнама туралы заңда компаниялардың атауын көрсететін белгілер жалға алынған ғимараттардың ішіндегі ғимараттардың қасбеттеріне және шатырларына орналастырылуы мүмкін және жарнама болып саналмайды делінген. Сондықтан біз Басқармамен соттасуға дайынбыз, бірақ барлық жағдайды анықтау мақсатында Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасына жүгіндік», – GRAND PARK сауда – ойын-сауық орталығының заң бөлімінің бастығы Александр Ягодкин.

Қазіргі таңда GRAND PARK сауда – ойын-сауық орталығының қас бетінде 8 ірі компания мен банктің маңдайша жазуы ілулі тұр. Тура осындай шағыммен Алматы қаласы Өңірлік кәсіпкерлер палатасына 20 кәсіпкерлік субъектісі жүгінген.

 «Осыған дейін «Атамекен» заңнамадағы өзгерістерді құптады, бірақ осыған қарамастан өкілетті орган (Сәулет және қала құрылысы басқармасы және оның 100 пайыз еншілесі – «Алматыбасжоспар» ЖШС) кәсіпкерлерге маңдайша жазуларды алып тастау бойынша хаттарды жіберуді жалғастырып отыр. Бұған қоса бұл талапты орындау процесінің өзі заңға қайшы жасалуда. Бірінші кезекте өкілетті орган алдын ала бақылау жасап, қас беттегі жазуды алып тастау үшін мерзім беру керек. Ал іс жүзінде «Алматыбасжоспар» ЖШС қызметкерлері бұл жарнама ма жазу ма деп өздері пайымдап отыр. Ары қарай Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментіне мәлімет жібереді, ал МКД болса, кәсіпкерлерге көбіне-көп жарты жылдан соң салық мөлшері мен өсімақы сомасы көрсетілген қағаздарды көрсетеді. Жарнама үшін салықтың минималды мөлшері – 4 АЕК, жалпы сома баннер көлеміне байланысты», – деді ӨКП директорының құқықтық сұрақтар бойынша орынбасары Айтуар Қошмамбетов.

 «Жарнама туралы» Заңның 3 бабы 7-1 тармақтарына сәйкес, маңдайша – ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі жеке және заңды тұлғалардың меншікті (жалдайтын) ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылыстарының шегіндегі шатырлар мен қасбеттерде орналастырылатын, жеке және заңды тұлғаларды дараландыру құралдарын қоса алғанда, олардың қызмет түрі туралы ақпарат делінген. Осылайша, Кәсіпкерлер палатасы сарапшылары Басқарма жасап жатқан әрекет Заңға түбегейлі қайшы келеді деп санайды.

Басқарма қызметкерлерді субъективті пікірі кәсіпкерлерге дәйексіз талаптар қоюдың негізі болды, ал бұл дегеніміз қызметті асыра пайдалану. Кеңес  қорытындысы бойынша Палатаның хаты негізінде Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік департаментіне тексеру жүргізіп,  Басқарма тарапынан болған бұзушылықтар анықталған жағдайда, кінәлілерді заңға сәйкес жазалау ұсынылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер