«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жетісу туристік кластерін Дүниежүзілік Банк қаржыландырады

2018 жылғы 25 Сәуір
- Жетісу облысы
4638 просмотров

Кәсіпкерлер жобаны іске асыру бойынша жұмыс тобына қатысады

Талдықорған қаласында «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ және Informasion YDesarollo испаниялық компаниясы қатысуымен Алматы өңірі туристік кластерінің таныстырылымы өтті.

Айта кетелік 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы мен Дүниежүзілік Банк арасындағы қарыз туралы келісім аясында «Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жоба бойынша Қазақстандағы кластерлік саясатты дамытуды ынталандыруға бағытталған «Бәсекеге қабілетті секторлар» атты құрауыш бар. Бұл қурауышты жүзеге асыру бойынша әріптестікке «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ тағайындалды.

Жоба аясында Алматы облысы туристік бағытты дамытуға арналған өңір ретінде таңдалған. Жыл басынан кәспорындар басшыларымен жекелеген сұхбаттар өткізіліп, кластер дамуының ағымдағы жағдайына талдау жасалды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ өкілдері жобаны дамытудың кезеңдері мен механизмдері, кластердің мәселелері мен міндеттері жайында хабарлады. Іс-шараға бейне байланыс арқылы облыстың 80 кәсіпкері қатысты.

 «Қазір талқылау кезеңі жүріп жатыр. Талқылау нәтижесінде кластер дамуының бағытын анықтаймыз, бизнес және басқа да мүдделі тараптар қатысуымен жұмыс топтарын құрамыз. Туристік кластер дамуы жоспарына кіретін бастамаларды бірлесіп әзірлейтін боламыз. Жалпы 2005-2007 жылдары Қазақстанда кластерлеудің алғашқы қадамдары жасалған болатын. Бірақ кластер саясатында білікті мамандарымыз тапшы. Сондықтан бүгін Дүниежүзілік Банк испаниялық компания тарапынан бізге техникалық қолдау көрсетуде», – деп атап өтті «Қазақстандық индустрия дамыту институты» АҚ Кластерлі даму орталығы директорының орынбасары Жанна Байтемірова.

 Informasion YDesarollo компаниясының Еуропада кластерлеу бойынша 25 жылдық тәжірибесі  бар. Компания кеңесшісі Др. Йонатан Патонның айтуынша, Алматы облысында бірінші кезекте инфрақұрылымды жолға қою керек, содан кейін туристік аймақтарды келушілер үшін ыңғайлы әрі қолжетімді ету жөн. Шетелдік сарапшы сервис деңгейін жақсарту мен маман дайындау мәселесіне де назар аударды.

 Бұл бағытты толыққанды жүзеге асыру Алматы облысында жұмыс істеп жатқан шағын және орта кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырмақ.

 «Дайындалған, сапалы инфрақұрылым ішкі туризм дамуына оң әсер етеді. Бұл құралдар өңір экономикасына жұмыс істейтін болады. Сервис және тамақтандыру, жақсы маршруттардың  жоғары деңгейін қамтамасыз ету арқылы өңірге туристтер миллиондап ағылады. Сонымен қатар өңір бірегей табиғи ресурстарға бай. Барлық жобаларды іске асыруда нақты мүмкіндіктер мен келешектегі басымдықтарды анықтап алған жөн»,– деді  Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.

 Таныстырылым қорытындысы бойынша 6 жұмыс тобы тағайындалды, олардың құрамына Алматы облысының ішкі туризмін дамыту қауымдастығының өкілдері кіреді.

Айта кетелік, былтыр Жетісуға 1,6 млн турист келіп, облыс қызмет көрсету бойынша Астана мен Алматы қалаларынан кейін үшінші орынды иеленді.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер