«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тағы да салық мәселесі

2016 жылғы 03 Маусым
- Жетісу облысы
8909 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы Мемлекеттік кіріс департаменті алдында бизнесмендердің мүддесін қорғап қалды

Салық заңнамасы жөніндегі мәселелер кәсіпкерлік қоғамдастық үшін әрдайым өзекті әрі маңызды болып қала бермек. Осы бағытта Палата  сарапшылары Салық кодексінің нормаларын түсіндіру жұмыстарын жүргізеді және жекелеген проблемалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Әсіресе кәсіпкерлерді арнаулы салық тәртібін қолдану, кассалық бақылау машиналарын орнату, камералдық бақылау нәтижелері бойынша ескертулерге берілген жауаптар, әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселелері толғандырады. Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Анар Қалабаеваның айтуынша, олар есепшоты бұғатталған «Dolce» ЖШС-не көмек көрсеткен. Атап айтқанда, Жамбыл облысы Тараз қаласы Мемлекеттік кіріс басқармасы «Южные ворота» Құрылыс компаниясы» ЖШС-нің 683 мың теңге сомасындағы салықтық берешегін өтеу есебінен дебитор –  «Dolce» ЖШС-нің банктік есепшотына хабарлама жіберген. 

«Басқарма хабарлама бойынша жауап беру мерзімін бұзды, «Dolce» ЖШС тарапынан борыш сомасы – 3 441 мың теңге сомасында расталмаған салыстыру актісіне инкассо қойылған, соның салдарынан есепшоттар бұғатталды және кәсіпорынның қызметі тоқтатылды. ӨКП Жамбыл облыстық Мемлекеттік кіріс департаментіне өтініш жасағаннан кейін қызметтік тексеру жүргізілді, инкассалық өкім қайтарып алынды және олардың қызметіне қатысты тәртіптік жаза шарасы қабылданды», – деп атап айтты сарапшы А.Қалабаева.

Сондай-ақ, Райымбек ауданының кәсіпкері Жанна Қырғызалықызының  мүддесі қорғалды. Бес жыл өткеннен кейін облыстың Мемлекеттік кіріс департаменті одан мұраға қалған үйден салыққа 560 мың теңге төлеуді талап еткен. Палатаға өтініш жасалған соң мемлекеттік органдармен келіссөздер мен кездесулер өткізілді. Соның нәтижесінде мүлікті бағалау сомасы ескеріліп, салық сомасы 560 мың теңгеден 64 мың теңгеге қысқартылды.

Мемлекеттік кіріс департаментімен өзара іс-қимылды күшейту үшін кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Одан бөлек, Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің құрамына департаменттің басшылығы, ал Департаменттің үйлестіру кеңесінің құрамына Палата дирекциясы кіретін болды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер