«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысының Ақсу ауданында «Рахмет үшін!» дүкені ашылды

2017 жылғы 16 Қыркүйек
- Жетісу облысы
5167 просмотров

50-ден астам отбасыға көмек көрсетілді

Алматы облысының Іскер әйелдер кеңесінің бастамасымен Ақсу ауданындағы Ілияс Жансүгіров атындағы ауылда «Бәрі де рахмет үшін!» дүкені ашылды. Бұл облыста бой көтерген үшінші әлеуметтік дүкен. Аталған дүкендер бұған дейін Талдықорған қаласында және Кербұлақ ауданында ашылған болатын.   

Ақсу ауданының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Бағлан Нарышеваның сөзінше, дүкен ашылғалы бір ай ішінде 50-ден астам отбасыға көмек көрсетілді. Әлеуметтік дүкен жергілікті «Қазпошта» филиалымен бір ғимаратта орналасқан. Аудандық Кәсіпкерлер палатасы және Ақсу ауданының әкімдігі қолдауымен арнайы бөлме берілген.

«Дүкенге балалар мен үлкендерге арналған киімдерді, аяқ-киімдерді, мүгедектерге араналған арбаларды, тұрмыстық заттарды, азық-түліктерді жинадық. Мүмкіндігі шектеулі екі адамға арба берілді. Мысалы, көпбалалы отбасыларға қажетінше 20-30 түрлі заттар таратылды. Қазіргі таңда біз бұл игі іске шаруа қожалықтарын, қызмет көрсету саласындағы бизнес өкілдерін қатысуға шақырып отырмыз», - дейді Бағлан Нарышева.

Ауыл тұрғыны Светлана Григорьева - көпбалалы ана. «Бәрі де рахмет үшін!» көмегімен биыл балаларын мектепе дайындай алды.

«Бізде осындай «қайырымды» дүкен ашылғанына қуаныштымыз. Уақытылы түрде берілген маңызды көмек болды. Аталмыш әлеуметтік дүкендер ауылды жерлерде көптеп ашылуы тиіс», - дейді С.Григорьева.

Жақын уақытта Алматы облысының Іскер әйелдерінің кеңесі «Бәрі де рахмет үшін!» әлеуметтік дүкенін Қапшағай қаласында және Қаратал ауданында ашуды жоспарлап отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер