«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сиыр бағуға да ғылым керек

2016 жылғы 10 Тамыз
- Қарағанды облысы
11624 просмотров

Ғалым-ветеринар қарағандылық фермерлерге мал өсірудің жаңа әдістері туралы айтып береді

11 тамызда Қарағанды облысы Абай ауданы Ақбастау ауылында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Агробіліктілік орталығының ұйымдастыруымен АӨК субьектілері үшін «Бордақылау алаңдары» бағыты бойынша «Бордақылау алаңдарындағы малдардың жарақаттану себептері және оның алдын алу» атты семинар өтеді.

Шара заманауи озық технологиялармен жабдықталған «Сары арқа» АӨШ» ЖШС базасында өтеді. Семинарға халықаралық сарапшы, Ресей Ғылым академиясының академигі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, РФ Түмен университетінің кафедра меңгерушісі А.Белобороденко қатысады.

Фермерлер семинар тақырыптары бойынша теориялық және тәжірибелік білім алып, сондай-ақ, халықаралық сарапшы мен білікті дәріскерден ақыл-кеңес сұрай алады.

Семинарға Қарағанды облысы әкімдігінің, өңірлік Кәсіпкерлер палатасының және «Атамекен» ҰКП Агробіліктілік орталығының өкілдері қатыспақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер