«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шағын несиелер саны артпақ

2016 жылғы 08 Шілде
10153 просмотров

Ұлттық экономика министрлігінде шағын несиелеу жүйесін қайта қарау ұсынылды

Бүгінгі Қазақстан Үкіметінде өткен селекторлық отырыста талқыланған тақырыптардың бірі бұқаралық кәсіпкерлік пен ауыл кооперациясын дамытуға арналды. Бұл мақсатқа жету тәсілдері ретінде Ұлттық экономика министрлігі екінші деңгейлі банктер мүмкіндіктерін пайдалану, бастапқы капиталды алуды жеңілдету және бірыңғай операторды таңдауды атады.

Бұл мәселе бойынша баяндама жасаған ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев келтірген деректерге сүйенсек, 2015 жылы әртүрлі көздер арқылы сомасы 120,2 млрд-тан астам теңге болатын 556 мың микронесие берілген. Олардың 138-і – бұл 64,6 млрд теңге сомасындағы кәсіпкерлік мақсаттарға берілген микронесиелер. Министрдің айтуынша, микроқаржылық ұйымдар несиелік портфелінің 98,3%-ы (немесе 452 млрд теңге) қалаларда жүзеге асқан, ал ауылдық жерлердің үлесі тек 1,7% (немесе 8 млрд теңге) болып отыр.

Бүгінде микронесиелер мемлекеттік қолдау түрінде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», «Агробизнес-2020» бағдарламаларының шеңберінде ұсынылады. Өсу бар  және негізінен ауылда, ал ірі қалаларда өсу байқалмайды.

«Бұл бағдарламалардағы бағыттар көбіне-көп бірін-бірі қайталайды, ауыл мен қалаларда бірыңғай оператор белгіленбеген, нәтижелілік те білінбейді. Мәселен, бізде «Даму» КДҚ» АҚ жүзеге асырып отырған құралдар бойынша құрылған жұмыс орындары, шығарылған өнімдер көлемі, қолдау алған субъекттің төлеген салықтары  туралы статистика бар», – деп атап өтті Қ.Бишімбаев. Бұл тұста ол микронесиелеу бойынша мұндай есептер жүргізілмейтінін атап айтты.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясындағы микронесиелердің 90%-нан астамы ауыл шаруашылығына бөлінеді. Осыған байланысты бұл құралды Ауыл шаруашылығы министрлігінде айтылған жаңа ауылшаруашылық саясатпен байланыстыру қажет», – деді министр.

Өз кезегінде, Ұлттық экономика министрлігінде еңбек ресурстары мен жастар көп шоғырланған қалалардағы микронесиелеуді кеңейтуді ұсынып отыр. Сондай-ақ, ҰЭМ несие қаражаттарын шартты түрде орналастыру арқылы екінші деңгейлі банктер мен микронесиелеу ұйымдарының инфрақұрылымын пайдалану ұсынысын айтты.

«Бұл тұста ауылдағы кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруды ауылшаруашылық кооперация жүйесіне жеке қосалқы шаруашылықтарды тарту үшін, ауылдық жерлерде дайындау орталықтарын жасау үшін жүргізу ұсынылып отыр», – деді Қ.Бишімбаев.

Ұлттық экономика министрлігінің есептеулері бойынша, ауылдағы микронесиелеудің бұқараға тиімді етуге оның ауылшаруашылықты кешенді дамытудың ортақ саясатымен үйлесімі мүмкіндік бермек. Бұл тұста ҰЭМ қалалардағы жыл сайынғы микронесиелеу көлемін 50 млрд теңгеге дейін апаруды, ал ауылдар мен қалалардағы микронесиелеуді кепілдендіру сомасын 8 млрд теңгеге дейін жеткізуді ұсынады. Министрліктің есебі бойынша, мұндай көлем кәсіпкерлердің 5-10 мың бизнес-жобасына қолдау көрсетуге мұрындық болмақ.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер