«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Заңдарды сақтау және сындарлы сұхбат – кәсіпкерлер мен облыс прокуратурасы арасындағы өзара қарым-қатынасының негізі

2014 жылғы 19 Маусым
- Жетісу облысы
10579 просмотров

Бүгін, 19 маусымда, Алматы облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Нұр-Шапағат» ЖШС С.А.Ержұмановпен, облыстың бірнеше тұрғыны және Алматы облысы прокуратурасының өкілдерінің арасында сұхбат ұйымдастыру мақсатында Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің кезектен тыс отырысын өткізді. 

Бұрынырақ БАҚ-та «Нұр-Шапағат» ЖШС директоры, бірнеше кәсіпкер және өңірлік баспасөз басылымы өкілінің қатысуымен өткен баспасөз конференциясы туралы ақпарат жарияланған болатын. Аталмыш баспасөз конференциясында Алматы облысы прокуатурасының қызметі туралы, атап айтқанда, кәсіпкерлерге қысым көрсету туралы сыни ескертпелер айтылған болатын. «Нұр-Шапағат» ЖШС басшысының айтуынша, облыстық прокуратура 2010-2020 жылдарға Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу аясында кәсіпорын алған бірнеше ондаған миллион теңгені қайтаруды заңсыз талап етіп отыр.

Баспасөз конференциясына басқа да қатысушылар экологиялық жағдайдың нашарлауына, коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуіне, жолдардың төмен сапасына өз наразылықтарын білдіріп, айтылған проблемаларды облыстық прокуратура жұмысының жеткілікті деңгейде тиімді жүргізілмеуімен байланыстырды. Алайда облыстық прокуратура өкілдері «Нұр-Шапағат» ЖШС басшысының ойымен келіспеді.

«17.06.2014 жылы Алматы қаласында өткен баспасөз конференциясында С. Ержұманов және басқалары баяндаған мән-жайлар Алматы облысының прокуратурасы тарапынан бірнеше мәрте мұқият зерттелінді. Сонымен қатар прокурорлық елеу шараларын қолдану үшін айтарлықтай бұзушылықтар табылмады», - деп атап кетті прокурорлар.

Отырысқа қатысушылар Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер мүддесін сындарлы, ашық және нәтижелі қорғауға арналған алаң болып табылатындығын айта кетті.

Кеңес мүшелерінің ойынша, мұндай ой айтуға әлі ерте. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Кеңесінің атына жоғарыда аталған баспасөз конференциясы барысында айтылғандай 609 кәсіпкерден шағым келіп түспегені аталып өтті.

«Ресми өкілі Өңірлік палата болып табылатын Алматы облысының Кәсіпкерлік қоғамдастығы кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі прокуратура органдарымен тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Ол прокуратураға өтінішті жолдау жолымен де, бейнеконференция аясында да жасалады», - деп әңгімеледі Кеңес мүшелері.  

Сонымен қатар, Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес отырысында облыстық прокуратура өкілдеріне «Нұр-Шапағат» ЖШС басшысы, сондай-ақ басқа да кәсіпкерлер көрсетіп отырған деректерге назар аударып, оларға объективті баға беруге кеңес берілді. Кәсіпкерлерге бизнес құқығы бұзушылығының нақты деректерімен Өңірлік палатаға және Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі Кеңеске жүгіну ұсынылды. Әрбір расталған бұзу дерегі бойынша оларды жою үшін заңды шаралар қолданылатын болады.

Кеңес Төрағасы ұсыныс енгізді, яғни – осы мәселелерді қарастырғанға дейін қоғамдық дабыра тудыруға бағытталған ешбір әрекетті қолданбай, барлығын мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлер арасындағы тиімді сұхбат аясында шешуге тырысу. Бұл ұсынысты отырысқа қатысушылардың барлығы бір ауыздан қолдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер