Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында қызметкерлерді сақтандыру бойынша ақпараттық семинар өтті
2025 жылғы 8 желтоқсанда Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде туындауы мүмкін жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардан сақтандыру шарттарын жасауға арналған ақпараттық семинар өтті.
.jpeg)
Жиында қызметкерлерді өндірістік тәуекелдерден сақтандыру шарттарын әзірлеу және оның маңыздылығы жөнінде түсіндірме жүргізілді. Спикерлер жұмыс берушілердің міндеттемелері, сақтандыру процесінің кезеңдері мен заңнамалық талаптар туралы жан-жақты ақпарат берді.
Келесі сессияда «Бизнес және мемлекеттік аппарат: сыбайлас жемқорлыққа қарсы әріптестік» тақырыбы қаралды. Онда мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпкерлік қауымдастық арасындағы ашықтықты күшейту, алдын алу шаралары және бірлескен жауапкершілік мәселелері талқыланды.
Қатысушылар өздерінің жеке жағдайларына қатысты сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауап алды.
Іс-шара өңір кәсіпкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындауына жәрдемдесетін маңызды алаң ретінде өтті.
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)


Пікір қалдыру:
Пікірлер: