«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Үй жанында дүкендері бар кәсіпкерлер жаңа талаптарға наразы

2025 жылғы 20 Қаңтар
- Алматы қаласы
1561 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматы қаласындағы үй жанында дүкендері бар кәсіпкерлер өңірлік палатаға жиналды. Олар мобильді ақша аударымдарына қатысты мәселенің балама шешімін енгізуді сұрайды. Жиналғандардың пікірінше, ұсынылған жаңашылдық олардың жұмысын едәуір қиындатып, қызметінен түсіп отырған азын-аулақ пайданы одан әрі төмендетуде.  

Шағын сауда нүктелерін цифрландыруға байланысты шу шықты. Қазақстанда жаңа ережелер енгізілгелі жатыр: егер азамат үш ай ішінде әртүрлі жөнелтушілерден жалпы сомасы 255 000 теңгеден асатын 100-ден астам аударым алса, онда ол ерекше есепке алынуға жатады. Кәсіпкерлер кешенді түсініктеме алу үшін «Атамекен» алаңына салық органдарының өкілдерін шақырды. Алайда мемлекеттік орган өкілдері келмеді. Сондықтан шағын бизнес иелері «Атамекен» ҰКП араласуын сұрауда.

Кәсіпкер Нұргүл Бекова мобильді аударымдарды пайдалану - салықтан жалтару емес деп санайды. Оның айтуынша, бұл аударым мен қолма-қол ақша үшін шамамен 5% құрайтын банктік комиссияларға шығындарды азайтудың бір жолы ғана.

«Мобильді аударымдар салықтан жалтару әрекеті емес, тек банктік комиссияларды төмендету тәсілі. Біз салық төлеу керек екенін түсінеміз, бірақ бұл шектеулер бізге үлкен қаржылық шығын әкеледі. Менің ойымша, мұндай шағын дүкендер үшін патенттік жүйе болуы керек. Бұл салық салуды едәуір жеңілдетуі мүмкін, өйткені патент жыл сайын салық төлеуді және артық бюрократиясыз жарналардың жеңілдетілген жүйесін көздейді», - деді Нұргүл Бекова.

«Үй жанындағы» дүкендер маңызды әлеуметтік рөл атқарады, өйткені бұл жерде көптеген адамдар тауарларды қарызға алып, ақшаны мүмкіндігінше қосымша пайызсыз қайтара алады. Жаңашылдық біз үшін көптеген қиындықтар туғызады. Соның ішінде бағаның мәжбүрлі өсуі. Бұл өз кезегінде клиенттеріміздің сатып алу қабілетіне әсер етеді», - дейді Раушан Шилеева.

Алматы қаласы «Атамекен» өңірлік палатасының Заң қызметінің бастығы мәселені бизнес-омбудсменнің қарауына жіберуді ұсынды. Бұл ұсынысты кәсіпкерлер осы кездесуге шақырған «Ақ жол» партиясының өкілі де қолдады.

Кәсіпкерлер бұл мәселе бойынша ақпан не наурыз айының басында қайта жиналуға ниетті екендерін жеткізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер