«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда туристік индустрияның үздік мамандары марапатталды

2024 жылғы 04 Желтоқсан
- Алматы қаласы
541 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Қазақстан туристік қауымдастығының және Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығының шақыруымен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасының туристік индустриясының үздік мамандарын марапаттау рәсіміне қатысты. Іс-шара 2024 жылғы 29 қарашада «Достық» қонақ үйінің «Алатау» конференц-залында өтті.

Марапаттау рәсімі Қазақстанның туристік индустриясында озық жұмыс істейтіндердің еңбегін тануға бағытталған маңызды оқиға болды. Салтанатқа қатысқан қонақжайлылық, туризм және соған байланысты салаларда жұмыс істейтін мамандар мен кәсіпкерлер сапа мен кәсіпқойлықтың жоғары стандарттарын көрсетті, ал олардың жетістіктері әріптестер мен мамандардың жаңа буындары үшін үлгі болды.

Ақпарат ретінде: жыл сайын Алматы қаласына екі миллионнан астам саяхатшылар келеді. 2024 жыл жаңа рекорд орнатты - 1 230 689 турист тек бірінші жартыжылдықта оңтүстік астананың тау кластерін таңдады.

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастықтың маңызды серіктесі және өкілі ретінде Кәсіпкерлерге жәрдемдесуді, инвестициялық ахуалды жақсартуды және инновациялық шешімдерді енгізуді қоса алғанда, туристік саланы дамытуды белсенді қолдайды. Осы маңызды оқиғаға қатысу мемлекеттік және жеке құрылымдар арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді. Бұл қазақстандық туристік индустрияның өсуі мен одан әрі өркендеуі үшін негіз болып табылады.

Іс-шара барысында марапаттар «Үздік туристік жоба», «Үздік қонақ үй кешені», «Үздік туристік гид» және басқа да номинациялар бойынша табысталды. Бұл марапаттар мамандардың Қазақстанды халықаралық аренада туристік бағыт ретінде дамытуға және танымал етуге қосқан үлесін мойындаудың символына айналды.

Сонымен қатар, туризм саласындағы ағымдағы үрдістерді талқылау, Қазақстанда осы саланың өсуі үшін жағдайларды жақсарту бойынша тәжірибе және ұсыныстар алмасу рәсімнің маңызды бөлігі болды. Іс-шараға қатысушылар дамудың маңызды бағыттары тұрақты туризм, қызмет көрсету сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту және кадрлардың біліктілігін арттыру болып табылатыны аталып өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер