«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

2024 жылғы 20 Қараша
- Астана қаласы
260 просмотров

Елордада Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен «Атамекен»   ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Райымбек Баталовтың шаһар кәсіпкерлерімен кездесуі өтті.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек өз алғы сөзінде елорда экономикасының негізі ретінде қызмет атқаратын халықты жұмыспен қамтудың 70 пайызын қамтамасыз ететін және ЖӨӨ (жалпы өңірлік өнім) 72 пайызын құрайтын шағын және орта бизнестің маңыздылығына тоқталды. Ол инвестиция көлемі 1,4 триллион теңгеге жеткен, оның 70 пайызын астамы жеке қаражат есебінен келген қаланың инвестициялық тартымдылығының өскенін жеткізді.


 

Райымбек Баталов өз сөзінде елордада бизнестің өсу қарқынының оң динамикасына тоқталып, Астанада 235 мыңнан астам субъекті жұмыс істейтінін атап өтті. Ол қатысушыларды ШОБ дамытудың экожүйесі – қаржылық, қаржылық емес және инфрақұрылымдық қолдау шараларының кешенімен таныстырды. Атап айтқанда, Ұлттық палата субсидиялауды, несиелендіруді және бизнеске кепілдік беруді күшейтуді, сондай-ақ, банктік институттар арқылы қаржыландырудың жаңа тетіктерін және оффтейк-келісімшарттарын жасауды ұсынады.

 

 

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Алин биылғы жылғы бизнесті қолдау бойынша елеулі жұмыстарды арнайы тоқталды.

Одан соң шараға қатысушылар сұрақ-жауапқа көшті. Қойылған сұрақтар негізінде өзекті мәселелерді шешуге және бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсартуға бағытталған тиісті ұсыныстар мен тапсырмалар дайындалды.

Астана әкімдігімен және бизнес-қоғамдастықпен тығыз ынтымақтастықта бизнес-процестердің тиімділігін арттыру және бизнес-климатты нығайту бойынша практикалық шаралар әзірленіп, жүзеге асырылатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер