«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

2024 жылғы 11 Қараша
- Астана қаласы
384 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында  Қанат Алиннің төрағалығымен "Сауда және қызмет көрсету" салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

Палатаның "Сауда және қызметтер" салалық кеңесінің қызметі туралы есеп жасалынды.
Палатаның "Сауда және қызметтер" салалық кеңесінің төрағасы сайланды.
Палатаның "Сауда және қызметтер" салалық ееңесінің тұрақты құрамы бекітілді.

Отырыс барысында "Сауда және қызметтер" салалық кеңесінің төрағасы, "Әсем" сауда базарының, "Мерей” сауда орталығының ЖШС директоры Нұрмағамбетов Нұрлан Ашарбекұлы салалық кеңестің қызметіне тоқталып кетті.

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алин Қанат Төлеубекұлы ағымдағы жылдың маусым айында Нұрмағамбетов Нұрлан Ашарбекұлының өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты жаңа төраға сайлауын өткізу қажеттігін айтып кетті.

Отырыс қорытындысы бойынша Нұрлан Ашарбекұлы Нұрмағамбетов салалық кеңестің төрағасы қызметіне сайланды. 

Сондай-ақ тұрақты құрам бекітілді, ол бойынша шешім Хаттамаға енгізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер