«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Цифрландыру, оқыту және бизнесті қолдаудың жаңа шаралары

2024 жылғы 10 Қазан
- Алматы қаласы
776 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің отырысында 2024 жылы бизнесті қолдау шараларын іске асырудың маңызды мәселелері талқыланды.

Палата әкімдікпен бірлесе отырып almatybusinessgov.kz сандық құралдарды біріктіретін кәсіпкерлер үшін арнайы портал құру барысында. Оған маркетплейс, кәсіпкерлерді тегін оқыту, сауалнамалар және аналитика біріктірілген. Бағдарламалар басым салаларға бағытталған: креативті индустриялар, IT, туризм және таза өндіріс. Сондай-ақ, палата өндірістердегі кадр тапшылығын азайту мақсатында ірі кәсіпорындардың көмегімен жас мамандарды дуальды оқыту шеңберінде техникалық колледждермен ынтымақтасады.

«Даму» қоры және «Атамекен» Ұлттық палатасының бастамасымен биыл Алматы қаласында жаңа бизнесті қолдау бағдарламасы әзірленуде. Директор Нұрсұлтан Шоқанов атап өткендей, оған қаланың әр бір ауданында «3+3»моделі бойынша үш басым және үш перспективалы сала анықталып, енгізіледі.  

«Біз өңірлік кәсіпкерлікке басымдық береміз. Түрксіб, Жетісу және Наурызбай аудандарының әкімдерімен кездесулер өтіп, кластерлер, өндіріс, өңдеу секторы, сауда және т.б. туралы әңгімелестік. Қалған аудандардың әкімдерімен кездесулер жуырда өтеді. Әр ауданда белгілі бір салалардың дамуы тарихи түрде қалыптасуда. Біз сол анықталған басым және перспективалы салаларда ісін бастаған кәсіпкерлерге қаржылық, сондай-ақ, қаржылық емес мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасына қосамыз. Яғни, көрсетілер көмек нақтығ бағытты болады», - деді ӨКП директоры Нұрсұлтан Шоқанов.

Сонымен қатар, көлік тасымалы бойынша есеп «Алматыэлектротранс» ЖШС үшін субсидиялар 29,5% - ға дейін төмендегенін, ал жеке тасымалдаушылар үшін 70,5% - ға дейін өскені тілге тиек болды. Субсидиялардың жалпы көлемі 97,3 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 41,6% - ға артты.

Сондай-ақ, биылғы атқарылған жұмыс шеңберінде кәсіпкерлер палатасы жаңа кеңсеге көшті, бұл жалдау ақысын 8% үнемдеуге және аумақты 400 шаршы метрге ұлғайтуға мүмкіндік берді. Алматы қаласының сәулет ескерткіші болып табылатын тарихи ғимаратта бұрын ауыл шаруашылығы министрлігі, содан кейін кеңес дәуірінің «Атамекені» тәрізді халықтық бақылау комитеті орналасқан. Жаңа мекен-жайға көшу арқылы Палата әлеуметтік кәсіпкерге ерекше қажеттіліктері бар адамдар жұмыс істейтін "Kunde" әлеуметтік кафесін орналастыру алаңын тегін ұсыну арқылы көмек көрсетті.

Өңірлік палатаның жұмысында бизнесті қорғау ерекше маңызға ие. 9 ай ішінде 1,3 млрд. теңге сомаға кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды, 378 өтініштің 214-і кәсіпкерлердің пайдасына шешілді. Өңірлік кеңес мүшелері директордың есебін қабылдап, алдағы уақытта өңірлік кеңестің қала әкімімен кездесуді ұйымдастырып, кездесу  бағдарламасын қалыптастыру туралы ұсыныс енгізді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер