«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы Қытай өнеркәсіпшілерімен кездесті

2024 жылғы 14 Маусым
2239 просмотров

Бүгін «Атамекен» ҰКП алаңында Қазақстанның сыртқы сауда палатасы Қытайдың өнеркәсіптік экономика Федерациясымен кездесті

Қытай делегациясының өкілі Ю Чен Линь (Қытайдың көміртегі шығарындыларының шыңына жету жөніндегі жоба тобының жетекшісі) Қытайдың өнеркәсіптік экономика федерациясының (China Federation of Industrial Economics, CFIE) қызметі туралы айтты.


Оның айтуынша, бұл Қытайдағы ең ірі мемлекеттік емес кәсіпорындар қауымдастығы. Оның ішінде 220-дан астам түрлі өнеркәсіп бірлестіктері бар. Ұйым Қытай өнеркәсібінің дамуы мен үйлестірілуіне үлкен ықпал етеді. Қытайда олардың бөлімшелері 26 әкімшілік орталықтар және Пекин мен Шанхай сияқты ірі қалаларда бар.

Сондай – ақ, Чен Линь федерацияның құрамына кіретін «Бір белдеу-бір жол» жобасы аясында құрылған Экономикалық-өнеркәсіптік альянс туралы айтты. Онда 28 елден 30-дан астам кәсіпкерлер ұйымы кірді.  Оның ішінде Қазақстанның сыртқы сауда палатасы да бар. 
Делегат шілде айының басына жоспарланған ШЫҰ (Шанхай ынтымақтастық ұйымы) мемлекет басшыларының саммиті шеңберінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюды ұсынды. 
Сонымен қатар, Қытай өнеркәсібінің өкілі 2025 жылы Астана экономикалық форумы қарсаңында Альянс конференциясын өткізуді ұсынды. Осылайша, қытайлық инвесторлар Қазақстанның экономикалық ахуалы мен жобалардың әлеуетін жақсы түсіне алады. 
Ол қытай үкіметі жасыл технологияларды енгізуге бағытталған жұмыс тобын ұйымдастырғанын атап өтіп, бұл тақырып осы конференцияда жалғасын табады деп үміттенді.

Сыртқы сауда палатасының өкілі Асан Жакишев (аппарат басшысы) делегатқа бастамасы үшін алғысын білдіріп, федерацияға 28 маусымда ШЫҰ бизнес-форумында сөз сөйлеуді ұсынды.

Бұдан әрі «Мункан» компаниясының өкілі олардың компаниясының Қазақстанға деген үлкен қызығушылығын атап өтті. Атап айтқанда, олардың компаниясы Африка елдеріне үлкен қаражат салды. Енді олар жобалар үшін жаңа алаңдар іздеуде. 


Атап айтқанда, кәсіпкерлер Қытайда үлкен сұранысқа ие тауық етінің экспортына қызығушылығын танытты. Қазіргі уақытта олар Өзбекстаннан экспортты жолға қойып, Қазақстанда осы саланы құруды көмектесуге дайындығын жеткізді. «Атамекен» ҰКП бұл тақырыпты Қазақстанда құс шаруашылығымен айналысатын қауымдастықтардың қатысуымен жеке талқылауды ұсынды.
Кездесу Қытайдың Қазақстанмен сауда жүргізуге деген ақ ниетін көрсететін Ю Чэн Линнің сөзімен аяқталды: «Бірінші рет кездескен соң таныстық. Екінші рет кездескен соң серіктес болдық. Үшінші рет кездескен соң жақсы дос болдық».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер