«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жетісуда тұтынушылардың құқықтары мәселелері талқыланды

2023 жылғы 16 Маусым
- Жетісу облысы
6762 просмотров

Жазғы демалыс маусымы қарсаңында Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне демалыс аймақтары мәлімдейтін талаптарға, түрлі тыйым салу бойынша сұрақтармен жүгінуде.

Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Демалыс орындарында тұтынушылар құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Кездесуде ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» туралы заңының демалыс аймақтарында тұтынушылар құқықтары бойынша демалыс аймақтарының өкілдеріне қажетті ақпарат беріп, түсіндіріме жұмыстарын жүргізді.

«Жетісу облысында тұтынуышлардың құқықтарын қорғау саласында өтініштері артып келеді. Мысалға 2023 жылдың  1 маусымы бойынша Жетісу облысының сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті көмегімен 254 өтініш бойынша тұтынушыларға жалпы соммасы  6 101 000 теңге тұтынушыларға кайтарылған. Тұтынушылардың шағымдары бойынша көшбасшылықтың алдыңғы қатарында бөлшек сауда саласы алады», - Жетісу облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Еділ Зайытбеков атап өтті.

Өтініштердің арасында көбінесе кездесетін шағымдар ол, сапасыз тауарды жөндеуден, айырбастаудан/қайтарудан бас тарту мәселесі орын алады.

Сонымен қатар, тұтынушылардың өтініштерінің ай сайынғы өсімі 25-30% - ға өскенін атап өткен жөн, бұл халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейінің артқанын көрсетеді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер