«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қолдау – басымдықта

2023 жылғы 11 Мамыр
- Жетісу облысы
4347 просмотров

Текелі қаласы кәсіпкерлер палатасы филиалының алаңында кәсіпкерлердің түйткілді мәселелерін анықтау және талқылауға арналған ашық диалог форматында кездесу өтті.

Еске салсақ, Текелі моноқаласында бизнесті қолдауға көңіл бөлінген. Кездесуге елуге жуық кәсіпкерлік субъекті жиналды. Олар айтқан мәселелердің қатарында туризм, логистика, инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ жер қатынастары, салық салу және басқа да мәселерді көтерді.

Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Дәурен Оңалбаев кәсіпкерлер палатасы, өңірлік Кеңес, сондай-ақ құрылған салалық кеңестер қызметінің нәтижелері туралы айтты.

«Кәсіпкерлер палатасы –  кәсіпкерлердің ұсыныстары мен идеяларын қолдау, түйткілді мәселелерді анықтау және олардың шешуге арналған алаң. Өңірлік кеңес өкілдерімен біз кәсіпкерлерді толғандыратын түйткілді мәселелерді анықтау мақсатында Жетісу облысының өңірлерін аралап бастадық. Текелі қаласында кездесуге прокуратура, экономикалық тергеу департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, жергілікті атқарушы билік өкілдері қатысты. Кездесу аясында кәсіпкерлердің барлық сұрағына түсініктемелер беріліп, айтылған ұсыныстар назарға алынды», – деді Дәурен Оңалбаев.

Кәсіпкерлер палатасы да, Текелі қаласының әкімдігі де кәсіпкерлермен, сондай-ақ өз бизнесін ашқысы келетіндермен жұмыс жүргізіп келеді. Шағын және орта бизнес – қала экономикасының маңызды бөлігі. Қала әкімінің орынбасары Әлия Оңғарбекованың айтуынша, Текелі қаласында шамамен 1 922 бизнес субъекті бар, оның ішінде 42-сі – өнеркәсіптік кәсіпорын. 

«Мемлекет шағын және орта бизнесті дамытуға көп көңіл бөледі. Еліміздің Президенті халыққа жолдауында жаңа экономикалық бағыттың басымдықтарының бірі ісін адал жүргізетін кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру, яғни мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің экономикаға шамадан тыс араласуынан бас тарту болатынын айтты. Шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ерекше назар аударылады, кәсіпкерлікті дамыту бойынша түрлі құрал бар. Барлық қажетті ақпарат сайтта, газеттерде жарияланады», - деп атап өтті Текелі қаласы әкімінің орынбасары Әлия Оңғарбекова.

Бизнестің айтылған мәселелері мен ұсыныстары назарға алынып, алдағы уақытта уәкілетті органдармен бірлесіп пысықталатын болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер