«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес пен билік арасындағы диалог – одан әрі ынтымақтастық талқыланды

2023 жылғы 24 Сәуір
- Жетісу облысы
5297 просмотров

Кәсіпкерлікті дамыту саласындағы маңызды бағыттардың бірі – мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылы. Бизнесті дамыту үшін жергілікті атқарушы билік пен кәсіпкерлер арасындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелерін өңірлік кеңестің мүшелері мен салалық кеңестерінің төрағалары Жетісу облысы әкімінің орынбасары Ернат Бәзілмен кездесуде талқылады.      

Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Дәурен Оңалбаев атап өткендей, кездесу өңірдегі бизнестің түйткілді мәселелерін айқындау, кәсіпкерлердің жергілікті атқарушы билікпен өзара іс-қимылы арқылы оларды шешу жолдарын қарастыру мақсатында ұйымдастырылды. 

Қатысушылар АӨК, денсаулық сақтау, құрылыс, жеке білім беру және басқа да өзекті тақырыптарға қатысты түрлі мәселелерді көтерді.

«Менің сұрағым мен өтінішім ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру және орналастыруға қатысты. Мәселе осындай, оқу-ағарту министрінің нормативтік-құқықтық акті бар, оған сәйкес мемлекеттік тапсырыс бөлінеді, ал жекеменшікке қандай да бір себептермен берілмейді. Осының себебі мемлекеттік сатып алу веб-порталында тиісті бюджеттік жіктеуіштің, яғни кіші бағдарламаның жоқтығымен түсіндірілді. Қосымша білім беру, оқу-ағарту министрлігінің 381 бұйрығына сәйкес, меншік нысанына қарамастан тапсырыс жеке меншікке орналастырылуы керек, яғни жеке кәсіпкерлер де білім беру орталықтарында мемлекеттік тапсырысты орналастыра алады, бірақ іске жүзінде олай емес. Өйткені дәл сол бюджеттік жіктеуіш жоқ. Неге жоқ, олар қаржы министрлігімен келіспегендерін айтады, олар біздің сұрағымызды министрлікке жеткізіп, бір ай ішінде қалпына келтіруге уәде берді, бірақ мен әлі де сұрағымызды бақылауынызғы  алуға сұраймын», – деп атап өтті Жеке білім беру салалық кеңесінің төрағасы Маржан Ахмеджанова.

Өз кезегінде облыс әкімінің орынбасары Ернат Бәзіл өз тарапынан кәсіпкерлік қызметті қолдауда белсенділік танытатынын және қажет болған жағдайда бизнестің түйткілді мәселелерін қарауға жеке өзі қатысатынын атап өтті.

Салалық комитеттердің отырыстары шеңберінде мемлекеттік органдардың кәсіпкерлермен өзара іс-қимылы кезінде туындайтын түйткілді мәселелерді анықтау бойынша жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер