«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстандық тауарлар және бағасы төмен тауарларды рәсімдеуге кеден алымы жойылады

2023 жылғы 09 Ақпан
8326 просмотров

Бұған дейін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекеттік кірістер органдарының отандық тауарлар және бағасы төмен тауарларды (200 еуроға дейін) ресімдегені үшін кедендік алымдарды салу заңсыздығы туралы мәселені көтерген болатын. Қазір қаулының тиісті жобасы ашық НҚА порталында жарияланған.

 «Бұл мәселені шешу үшін біз бірден бірнеше мемлекеттік органмен жиналыс өткіздік. Онда олардың әрекеті заңсыз екенін дәлелдедік. Кеден заңнамасын түрлі қолдануды жою үшін  біз Үкіметтің тиісті қаулысына осындай алымдарды алу жағдайларын нақтылап, қазақстандық тауарларды арнайы экономикалық аймақта және құны төмен тауарларды оңайлатылған ресімдеу үшін нөлдік мөлшерлемені белгілей отырып, өзгерістер енгізуді ұсындық. Өзгерістер күшіне енгеніне қуаныштымыз. Енді бизнес, атап айтқанда курьерлік компаниялар мен интернет-дүкендер алаңсыз жұмыс істей алады», – деді «Атамекен» ҰКП кедендік әкімшілендіру департаментінің басқарушы директоры Дина Мамашева.

Кедендік алымдардан бөлек, осы қаулыны қабылдау бизнеске соттар мен прокуратура органдарында құны миллиондаған талаптарды өз пайдасына шешуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде Ұлттық палатаға сараптама жүргізуге «Мемлекеттік кіріс органдары алатын кедендік алымдар мөлшерлемелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 171 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы келіп түсті.

Еске салсақ, өткен жылдың соңында кәсіпкерлер жеңілдетілген рәсімдеу тәртібі жағдайында тауарларға негізсіз кедендік алымдардың салынуына шағымдана бастады. Көлік прокуратурасының ұйғарымдары бойынша сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушыларға кедендік алымдарды әрбір тізбе мен әрбір өтініш үшін 20 мың теңгеден төлеуге тура келді. Бұл елге әкелінетін тауарлардың құны 200 еуроға дейін қосымша шығыстарға әкеп соқтырды және олардың бағасын күрт аөсірді. Кейбір компаниялар құны төмен жүктер бойынша барлық экспорттық-импорттық операцияны тоқтатуға мәжбүр болды.

«Атамекен» ҰКП мемлекеттік органдарға бұл мәселені тек заңнамалық деңгейде шешуді ұсына отырып, жағдайға араласуға мәжбүр болды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер