«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жетісуда тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері талқыланды

2023 жылғы 20 Қаңтар
- Жетісу облысы
5351 просмотров

Талдықорған қаласында өңірлік кәсіпкерлер палатасы, тұтынушылардың құқығын қорғау облыстық департамент, тұтынушылар құқығын қорғау бойынша қоғамдық бірлестігі, басқармалар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Кездесуде осы жылы тұтынушылардың құқығын қорғау мәселесі бойынша атқарылар жұмыс, бағалардың жасанды өсуі,  қоғамдық ұйымдар арқылы тұтынушыларды азаматтық белсенділігін арттыру және жауапкершілікке тарту мәселелері қаралды.

«Жетісу облысында тұтынуышлардың құқығын қорғау саласында өтініш саны артып келеді. Мысалы, 2022 жылы Жетісу облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаменті көмегімен 100-ден аса өтініш бойынша тұтынушыларға жалпы соммасы  5 414 000 теңге кайтарылған. Тұтынушылардың шағымдары бойынша өтініш саны бөлшек сауда саласында басым, шағымдардың шамамен 65,1%-ы құрайды. Өтініштердің арасында көбінесе кездесетін шағымдар -  сапасыз тауарды жөндеу, айырбастау/қайтарудан бас тарту мәселесі орын алады. Сонымен қатар, тұтынушылар өтініштерінің ай сайынғы өсімі 25-30%-ға өскенін атап өткен жөн, бұл халықтың құқықтық сауаттылығы деңгейінің артқанын көрсетеді», - деп атап өтті департамент басшысы Еділ Зайытбеков.

Облыстық тұтынушылар құқығын қорғау бойынша қоғамдық бірлестік төрағасы Амир Газалиев тарапынан заңсыз сауда нүктелерін заңдастыру, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу, газ желісін жүргізу жұмыстарында тұтынушыларға үлкен шығындар болуын және оның азайту жолдары бойынша ұсыныстары қаралып, облыстық прокуратура басшылығымен шараға қатысқан жауапты сала мамандары назарға алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер