«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кербұлақ ауданында экспортқа киім тігетін цех ашылды

2022 жылғы 14 Қараша
- Жетісу облысы
5320 просмотров

Сарыөзек ауылында 20 тұрғынды жұмыспен қамтитын цех ашылды. Жаңа жұмыс орнының өніміне Ресейден тапсырыс түсіпті.

Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында «Айсұлу» Жетісу тігін фабрикасының алғашқы филиалы ашылып, жиырма тұрғынын жұмысқа қабылдады.

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау аймақ қызметінің негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Сарыөзекте Жетісу тігін фабрикасы филиалының ашылуы бизнес пен мемлекеттің бірлескен жұмысының нәтижесі болды. Біз жаңа жұмыс орындараның ашылуы әрдайым қолдаймыз», – деді Дәурен Оңалбаев.

Кәсіпорын медициналық мақсаттағы бір реттік бұйымдарды, сондай-ақ сапалы материалдан жасалған арнайы киімдерді шығаратын заманауи тігін жабдықтарымен қамтамасыз етілген.  «Айсұлу» Жетісу тігін фабрикасының» директоры Жарылқасын Болатұлы әр ауданда филиал ашқысы келетінін атап өтті.

«Бұл – біздің облыстағы, оның ішінде Кербұлақ ауданындағы алғашқы филиалымыз. Қазір Ресейге экспортқа көптеген тапсырыс бар. Талдықорған тігін фабрикасының қуатын арттыру керек. Сондықтан біз облыстың әр ауданында бір филиал ашып, бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдарды жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз», – деді «Айсұлу» Жетісу тігін фабрикасының» директоры Жарылқасын Болатұлы.

«Айсұлу» тігін фабрикасы  Талдықорған қаласында осы жылдың жазында ашылды. Бүгінде Кербұлақ ауданындағы филиал жергілікті басшылықтың қолдауымен кәсіпкер Жарылқасын Болатұлының қаражатымен ашылды. Ал қазір басқа өндірістерді ашу үшін ауданға инвесторларды тарту жоспарланып отыр.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер