«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Алтын сапа» сыйлығын алуға 300-ге жуық компания өтінім берді

2022 жылғы 11 Қараша
7029 просмотров

ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы жыл сайын өтеді. Байқаудың басты мақсаты – отандық өнімнің сапасын арттыру. Осы тұрғыда  компанияларға қойылатын басты критерийлер де белгіленген –   ұйымның өнім немесе қызмет сапасы саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізуі, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, сондай-ақ ұйымның сапаны басқаруда жоғары тиімді әдістерді енгізуі бағаланады. Биыл байқауға қатысу үшін 281 компания өтінім берді.

 

«Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауда сыйлық жыл сайын үш номинацияда үш санатта тағайындалады:

 

  • «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;
  • «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын»;
  • «Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын»;
  • «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын».

 

Әр номинация бойынша келесі cанаттар бойынша үш жүлде беріледі:

  • Шағын кәсіпкерлік субъектісі;
  • Орта кәсіпкерлік субъектісі;
  • Ірі кәсіпкерлік субъектісі.

 

Байқауда сонымен қатар мынадай арнайы сылықтар бар:

 

  • «Үздік индустриялық жоба»;
  • «Үздік инновациялық жоба».

 

Байқау төрт кезеңнен тұрады. Қазіргі кезде сарапшылық комиссия материалдарды алдын ала бағалауды жүргізіп жатыр. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 9 қазандағы №194 Жарлығына сәйкес барлық ақпарат байқаудың аяқталуына дейін құпия саналады және жарияланбайды.

 

«Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға Қазақстан аумағында тауар өндірумен (қару-жарақ және әскери техника өндірумен айналысатындардан басқа), қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады. Толық ақпаратпен www.altynsapa.kz  сайтынан танысуға болады

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер